16.01.2014, 18:55 5350

ШҚО Үржар ауданында шағын су электр станциясы салынбақ

Қазір аталмыш нысанның жобалық-сметалық құжаттары жасалып, сараптамаға жіберілді. Қарақол өзені бойында су қоймасы салынса, тағы 10 мың гектардай суармалы жер пайдалануға беріледі.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін суармалы жер көлемін ұлғайтуға Қытай компаниялары тартылуы мүмкін.

Үржар ауданының Қоңыршәулі ауылдық округіне қарасты Қарақол су қоймасында шағын су электр станциясын салуға Қытайдың Гидрочайна корпорейшн компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.

Қазір аталмыш нысанның жобалық-сметалық құжаттары жасалып, сараптамаға жіберілді. Қарақол өзені бойында су қоймасы салынса, тағы 10 мың гектардай суармалы жер пайдалануға беріледі.

Бұл жоба облыстағы баламалы қуат көзін пайдалану жөніндегі жұмыстардың бір бағыты. Бұдан басқа аймақта судан, желден, күннен қуат алу мақсатында 12 компаниямен жұмыс жасалуда.

Айта кету керек, қазіргі таңда ШҚО бірқатар энергия өндіру көздері болғанымен, экономиканың қарқынды дамуына байланысты қуат тапшылығы 2 млрд. кВт/сағатты құрап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны