19.02.2014, 19:38 15492

ШҚО Үржар ауданында ШОБ-тің 182 жаңа нысаны ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік қолдаудан 422,9 млн теңге көлемінде 182 тұрғын несие алды.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік қолдаудан 422,9 млн теңге көлемінде 182 тұрғын несие алды.

"Үржар ауданының 5 мыңдай тұрғыны жеке кәсіпкерлік қызметтерімен айналысады. Олардан түсетін салықтық төлемдер 155 844 мың теңгені құрайды", - дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин.

ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, 2013 жылы өңірде 14 дүкен, 8 наубайхана, 2 қонақ үй, 7 шаштараз, 3 дәріхана, 1 сауда үйі, 6 тамақтандыру орны, 1 майхана, 1 мал базары, 2 сауна, 1 қоғамдық монша ашылып, нәтижесінде 89 жаңа жұмыс орны пайда болған.

Үржар ауданындағы көптеген жобалар "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оларға деген банктердің сыйақы құны теңгемен есептегенде 14%-дан аспайды, солардың 7%-ын бағдарламаға қатысушылар төлесе, қалған 7%-ын "Даму" қоры өтейді.

Сонымен қатар, өткен жылы "Өндірістік-2020" бағдарламасы аясында "Шваб шұжықтары" ЖШС инвестициялық жобасы қарастырылды. Халықтың сұранысымен шұжық өнімдерін кеңейтіп, етті өңдейтін заманауи құрылғылар сатып алуға 30 млн теңге көлемінде несие берілді.

Икімнің айтуынша, аудан кәсіпкерлері бизнестік әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне өз үлестерін қосуда. Ол үшін кәсіпкерлер тарапынан 70 млн теңгелік 79 меморандум жобасына қол қойылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны