29.06.2012, 12:45 3576

ШҚО жаңа никель зауытында шикізат өңдейтін бірегей технология енгізіледі

Шығыс Қазақстан облысында никель өндіретін зауыт салынады, онда никель кенін кептіріп, шыңдайтын инновациялық жаңалықтар алғаш рет қолданылмақшы.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - ШҚО жаңа никель зауытында шикізат өңдейтін бірегей технология енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында никель өндіретін зауыт салынады, онда никель кенін кептіріп, шыңдайтын инновациялық жаңалықтар алғаш рет қолданылмақшы.

"Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі Қазақстанның инновациялық алаңында ерекше байқалуда, оны жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындардан көруге болады. Бұл кәсіпкерлік пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғана емес, әлеуметтік салалардың дамуына да қозғау салуда, жұртшылықты жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету арқылы өңірлердің экономикалық ахуалы жақсаруда ", - деп өз пікірмен бөлісті "Eptic" ферроникель комбинаты" ЖШС директоры Серік Садықов.

Жаңа зауыт үшін Қазақстанның қышқылданған жұтаң никель кенін қайта өңдеудің әлемде теңдесі жоқ металлургиялық технологиясы жасалды.

Технологиялық жаңалықтың негізіне жаңғыртылған "Ванюков пеші" алынды. Енді ол шикізат дайындау мен балқыту үдерісін бір кешенге біріктіретін шыңдау жүйесіне ие. "Ванюков пеші - Кальцинация жүйесі" аталған бұл инновациялық технологияның айтарлықтай артықшылықтары бар.

Жасаушылардың ақпарына қарағанда, ол қолданылып жүрген пештер мен агрегаттардың аралық қуатын 8-10 есе арттыруға мүмкіндік береді. Шетелдік технологиялардан 2,5 есе төмен жүйе кен өңдеу мен балқыту үдерісінің ыңғайлылығы мен үнемділігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, технология металлургия ісінде инновациялық болып есептелетін жұтаң кенді қайта өңдеуге мүмкіндік туғызады.

"Жұтаң кенді қайта өңдеу - бұл никель металлургиясындағы жаңалық. Қазір Қазақстанда кен құрамындағы никельдің үлесі 1%, ал әлемде 1,5%-2.5%. Біздің технология Қазақстанның жұтаң никель шикізатын қайта өңдеуде алдыңғы қатарға шығуына жағдай жасайды", - дейді жоба жасаушысы Серік Садықов.

Аталған зауыттың жобалық қуаты - жылына 1,3 млн тонна.

2011 жылдың қорытындысы бойынша "Ванюков пеші-Кальцинаций жүйесі" қазақстандық инновациялық форумда "Қазақстандағы ең үздік инновациялық ғылыми-техникалық жоба" деп танылған. Осылайша, аталған инновациялық жаңалықты қолданатын никель зауыты Қазақстанның индустриялық дамуына қосылған тағы бір жағымды жаңалық болмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны