26.12.2013, 19:26 3702

ШҚО-да астық тазалау зауыты ашылды

"Жобаның қуаты сағатына 15 мың тонна астық тазалайды. Сонымен қатар, өзге де дәнді-дақылдар тазалаудан өтеді. Мұның барлығы көрші аудандарды да аталмыш өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Глубоковский ауданында ТМД елдерінде теңдесі жоқ 185 млн теңгелік астық тазалау зауыты ашылды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

"Жобаның қуаты сағатына 15 мың тонна астық тазалайды. Сонымен қатар, өзге де дәнді-дақылдар тазалаудан өтеді. Мұның барлығы көрші аудандарды да аталмыш өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Барлығы екі оператор тазалау барысын бақылап отырады. Кейін тазаланған дақылдар галереяға жөнелтіліп, сыйымдылығы 3 мың тонналық қоймаға тасымалданады. Осы жерден жер-жерге жөнелтіледі.

Зауытта "ScanMasterTM" оптикалық сеператор орнатылған. Ол өнімді түсі бойынша ажырататын сандық оптикалық процессор негізінде жұмыс істейді. Айта кету керек, "ScanMasterTM" машинасы арнайы тамақ өнімдері үшін жасалған және ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің құрылғыларының заманауи әлемдік талаптарына жауап береді.

Айта керейік, жоба "Астана Бизнес" ЖШС шаруашылығының қаражатымен іске асырылып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны