15.07.2014, 23:07 3192

ШҚО-да инвестиция көлемі жарты жылда 2,5%-ға артты

Салалар бойынша қарастыратын болсақ инвестицияның 42,3%-ы өндірістік, 10,1%-ы көлік, 9%-ы қаржы секторына, 8,5%-ы әлеуметтік және өзге де салаларға тиесілі.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. ШҚО-да негізгі капиталға инвестиция көлімі 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында 126,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артқаны байқалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген аппарат отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская мәлім етті, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Салалар бойынша қарастыратын болсақ инвестицияның 42,3%-ы өндірістік, 10,1%-ы көлік, 9%-ы қаржы секторына, 8,5%-ы әлеуметтік және өзге де салаларға тиесілі.

Оның үстіне, 2015 жылы облыста жалпы құны 47,2 млрд. теңге тұратын 164 бюджеттік инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны