Система Orphus

ШҚО-да мәліметтерді өңдеудің алғашқы орталығы ашылды

16.07.2014, 22:40 3484

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында ҮИИД және "Ақпаратты Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында мәліметті өңдеу орталығы (МӨО) ашылды.

"Мұнда жеке-жеке және қызметкерлердің өздеріндегі компьютерлерде сақталып келген түрлі ресурстардың бірігу бөлігі болып табылатын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі сақталатын болады. Біріншіден, бұл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Егерде бұрын мәліметтерде жоғалып кету қаупі болса, қазір бізде оны сақтау мүмкіндігі бар. Екіншіден, бұл экономикалық тұрғыдан да тиімді", - дейді "ЗЕРДЕ" холдингінің басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

МӨО қызметтері мемлекеттік сектордың артықшылығына бағытталып, мемлекеттік органдардың сервистік инфрақұрылымдық қаражатын үнемдеуге, оны жарақтандыру мен сервистік қолдау көрсетуге жол ашады. Енді 500 жүйелік блокпен бір сервер жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда мұнда 10 сервер жұмыс істеуде.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік органдар өз беттерімен серверлер мен компьютерлерді сатып алып, алайда олардың қуатының тек 30 пайызын ғана қолданады. "Ал біздің ресурстар барынша молынан қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл жергілікті және республикалық бюджетке тиімді".

Сонымен қатар биылғы жылы осындай орталықтар Ақтауда, Атырауда, Ақтөбеде, Шымкентте, Талдықорғанда және Көкшетауда ашылмақ. Кейінен барлық облыс орталықтары қолға алынады. Олардың барлығы бір жүйеге топтастырылады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны