26.02.2014, 20:04 7436

ШҚО-да жылына 120 мың автокөлік шығаратын қуаттылыққа ие толықциклді автозауыт ашылады

Жобаның құны 74,5 млрд теңге, соның 14,5 млрд теңгесі компанияның өз қаражаты болса, қағаны қарызға алынған қаражат. Нысанды келер жылы пайдалануға беру жоспарланған. Онда шамамен 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады. Шығарылған өнімнің жартысы шет елге экспортталмақ.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында екінші бесжылдық аясында трансұлттық компаниялардан кемінде 5 жоба іске қосылады, дейді Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында.

"Қазірдің өзінде облыста "Рено-Ниссан" автомобиль құрылысынан, металлургия саласында әлемдік көшбасшылардың бірі "Posco"-дан және геологиялық барлау бойынша "Рио Тинто"-дан жобалар іске асырыла бастады", - делінген ҚР Индустрия және жаңа технология министрлігінің хабарламасында.

Кеше вице-премьер жылына 120 мың автокөлік шығаратын қуаттылыққа ие толықциклді автозауыттың құрылысы және автобөлшектер шығаратын технопарк құрылысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, жобаны "Азия-Авто Қазақстан" компаниясы "Рено-Ниссан" альянсымен бірігіп іске асыруда.

Жобаның құны 74,5 млрд теңге, соның 14,5 млрд теңгесі компанияның өз қаражаты болса, қағаны қарызға алынған қаражат. Нысанды келер жылы пайдалануға беру жоспарланған. Онда шамамен 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады. Шығарылған өнімнің жартысы шет елге экспортталмақ.

Трансұлттық компаниялар тарапынан қолға алынған тағы бір инвестициялық жобаны "ПОСУК Титаниум" ЖШС іске асырады. Аталмыш жобаны жергілікті титан-магний комбинаты корейлік әріптестермен бірігіп атқаруда. Жобаның құны 7,384 млрд теңге. Оған қаржы құйған компаниялар "POSUK Titanium", "POSCO Co.Ltd", "Kolur Holding AG" және "БКТҰК" АҚ.

Жобаны бастаушылардың айтуынша, зауыт 2016 жылы іске қосылады. Кәсіпкерлік жылына 4,1 мың титан прокатын шығарады. Бұл ішкі сұраныстың 60% құрайды.

"Біздің байқауымызша, тікелей тартылған шет елдік инвестиция себепті күшейіп келе жатқан әлемдік бәсекелестік инвесторларды тартуда жаңа ізденістерді талап етеді. Оның өзінде тек инвестициялық климатты жақсартып қана қоймай, трансұлттық компаниялар арасынан инвестор компанияларды тарта білу қажет. Ол үшін Үкіметте инвесторлар үшін жаңа құжаттар пакеті дайындалуда", - дейді И.Исекешев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны