05.09.2016, 14:46 3510

ШҚО-дағы бал фестивалінде еӊ үздік бал өнімдері таныстырылады

2016 жылдыӊ 10 қыркүйегінде Өскеменніӊ орталық алаӊында 6-шы бал фестивалі өтеді. Өӊірдіӊ үздік омарташылары бал өнімдерін ұсынады.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда бал фестивалінде еӊ үздік бал өнімдері таныстырылады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Бал фестивалі Шығыс Қазақстан облысыныӊ дәстүрлі шарасына айналды. 2016 жылдыӊ 10 қыркүйегінде Өскеменніӊ орталық алаӊында 6-шы бал фестивалі өтеді. Өӊірдіӊ үздік омарташылары бал өнімдерін ұсынады.

10 қыркүйекте Өскеменніӊ орталық алаӊында арнайы сауда орындарында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған әр түрлі бал өнімдері таныстырылады. Сауда шатырларында сатушылар бауырсақ, құймақ және үй нанынан дәм татуды ұсынады.

Шара барысында бал өнімдеріне баға бере отырып, комиссия оныӊ сатылған орныныӊ әрленуі мен дәміне орай еӊ үздік омарташыларды марапаттайды.

Фестивальдіӊ мақсаты - Шығыс Қазақстанныӊ бал өсіру шаруашылығын одан әрі дамыту, ауқымын ұлғайту.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны