25.08.2016, 15:41 3953

ШҚО-дағы Майлышат кен орны түрік компаниясыныӊ оӊ бағасына ие болды

Тараптар 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында Майлышат кен орнындағы жұмысты бастау жоспарларын жүзеге асыруда геологиялық барлау жұмыстарыныӊ бағдарламасы нақтыланатына келісті.

Астана.25 тамыз. Kazakhstan Today - "Қазгеология" АҚ бас геологы Б.Хамзин "Y?ld?r?m Holdings" A.S компаниясыныӊ бас директоры А.Малазгиртпен және аталмыш компанияныӊ бас геологы О.Каракаятурецкимен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы Майлышат учаскесіне барды, деп хабарлады ИДМ.

Ондағы мақсат учаскедегі нысандармен танысу және облыстағы бірлескен геологиялық барлау жобасын жүзеге асыру аясында барлау бағыттарын айқындау.

Геологтар алтын рудасы бар таулы кен орындарын қарап шығып, зертханалық зерттеу жұмыстарына сынама алды. Сапар нәтижесі бойынша, түрік геологтары нысанға оӊ баға берді. Тараптар 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында Майлышат кен орнындағы жұмысты бастау жоспарларын жүзеге асыруда геологиялық барлау жұмыстарыныӊ бағдарламасы нақтыланатына келісті.

Еске сала кетейік, түріктіӊ YILDIRIM A.S. Холдингі "Қазгеология" АҚ-мен Қазақстан Республикасындағы қатты пайдалы қазбалар кен орынымен танысып, барлау мен бағалауға келген болатын. Сонымен қатар, негізгі жұмыс жоспарларын да талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны