27.02.2014, 18:30 14204

ШҚО-ның Бесқарағай ауданында ағаш қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын зауыт іске қосылады

Зауыт осы күнге дейін ормандарда жиналып қалған миллиондаған текше метр қалдықты кәдеге жаратуға арналған.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. ШҚО-ның Бесқарағай ауданында ағымдағы жылдың жазында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Инновациялық паркі жобаларының бірі ағаш қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын зауыт іске қосылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Инновациялық паркінің директоры Владимир Ким мәлім етті.

"Шығыс Қазақстан аумағында бірнеше жобаларды іске қосу жоспарланған. Мәселен, өнімділігі жылына 7 мың текше метр болатын, ағаш қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын зауыт пайдалануға беріледі. Ол ШҚО-ның Бесқарағай ауданында орналасады. Бұл стартап аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба. Зауыт осы күнге дейін ормандарда жиналып қалған миллиондаған текше метр қалдықты кәдеге жаратуға арналған", - деді В.Ким.

Сонымен қатар, ол, шағын зауыттың техникасы мен құрылымын атап өтті. Бұл Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Инновациялық паркі қызметкерлерінің жаңалығы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны