02.04.2014, 20:18 3489

ШОБ тексеруге мораторий жариялау - билік пен бизнес қарым-қатынасы дамуының жаңа векторы - Т.Доскенов

Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" Жарлығы - билік пен бизнестің қарым-қатынасының дамуының жаңа векторы, іс-әрекеттің заманауи және демократиялық алгоритмі, мемлекеттің бизнеске деген сенімінің арқасында кәсіпкерлік экожүйесін құру болып табылады.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. ШОБ тексеруге мораторий жариялау - билік пен бизнестің қарым-қатынасының дамуының жаңа векторы, деді Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" Жарлығына түсініктеме берген ҚР ҰКП Илеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.

"Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" Жарлығы - билік пен бизнестің қарым-қатынасының дамуының жаңа векторы, іс-әрекеттің заманауи және демократиялық алгоритмі, мемлекеттің бизнеске деген сенімінің арқасында кәсіпкерлік экожүйесін құру болып табылады. Мен, Елбасының аталмыш Жарлығының құндылығын саяси прагматизм, көрегендік және бизнестің пайдасы жағынан атап өттім", - деді Талғат Доскенов.

Оның айтуынша, өткенімізге көз жүгіртетін болсақ аз нәрсе жасалмағанын байқаймыз. Алайда, заманауи әлемнің шақыруы, экономикалық бизнес-географиясының кеңеюі жаңа драйв, жаңа көзқарас, қазақстандық кәсіпкерліктің проблемаларын шешу бойынша жаңа шешімдерді білдіреді.

"Бизнестің негізгі тәртібі - клиенттке бейімделу. Жарлықта бизнестің қажеттіліктері ескерілген және бұл мемлекеттік тәсілдің басымдылығы болды. Ал, ол өз кезегінде қуантпай қоймайды. Сонымен қатар, ол қолданыстағы заңға сәйкес бизнес қауымдастығының көшбасшысы Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына үлкен жауапкершілікті жүктейді, ел кәсіпкерлерінің құқықтық мәдениетін көтереді және өзін - өзі басқару бойынша жұмыс істеуге итермелейді", - деп Талғат Доскенов өз ойын түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны