22.09.2015, 16:56 4571

ШОБ және "ҚазМұнайГаз" әріптестігі: қарқынды дамуда

Қазақстан үшін бірегей шағын және орта бизнеске басқаруға "ҚазМұнайГаз" АҚ ЖМҚС желілерін тапсыру бойынша әріптестік бағдарлама нақтылы түрде іске асуда. Бүгін Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Астана-Петропавл автожолыныӊ 97 км-де орналасқан № С-34 (Z-155) жанар-жағар май құю станциясын әріптестік бағдарлама қатысушысына салтанатты түрде тапсыру өтті

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан үшін бірегей шағын және орта бизнеске басқаруға "ҚазМұнайГаз" АҚ ЖМҚС желілерін тапсыру бойынша әріптестік бағдарлама нақтылы түрде іске асуда. Бүгін Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Астана-Петропавл автожолыныӊ 97 км-де орналасқан № С-34 (Z-155) жанар-жағар май құю станциясын әріптестік бағдарлама қатысушысына салтанатты түрде тапсыру өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ҚазМұнайГаз - өӊдеу және маркетинг" АҚ (ҚМГ - ӨМ) Бас директоры (Басқарма төрағасы) Данияр Тиесов ЖМҚС символикалық кілтін жаӊа басқарушы Руслан Шакировқа табыстады.

"Бүгін әріптестік бағдарлама аясында осы жанар-жағар май құю станциясыныӊ символикалық кілтін табыстаймыз. Бұл "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" мемлекеттік бағдарламасында берілген шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын іске асыру бойынша қадамдардыӊ бірі, - деп атап өтті ҚМГ - ӨМ басшысы.

Жеке тұлғалардыӊ басқаруына ЖМҚС тапсыру бағдарламасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға көзделген, деп айтып өтті ол. Қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" желісініӊ 143 ЖМҚС басқаруға тапсырылған және бұл басы ғана. Енді кәсіпкерлерде ұлттық брендпен компания әріптесі болудыӊ тамаша мүмкіндігі туды. Бағдарлама талаптары барынша демократияшыл және ашық. Кәсіпкерлер жұмыс істеп тұрған ЖМҚС басқару мүмкіндігін алады, ал компания желіні дамытуға шоғырлана алады, деп санайды Тиесов.

"Тағы бір маӊызды кезеӊ. Қоғам санасында компанияныӊ, ЖЖМ нарығыныӊ жабық болуы туралы тұрақты таптаурын қалыптасты. Иріптестік бағдарлама "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясыныӊ ашықтығы туралы көрнекі түрде дәлелдейді, - деп атап өтті ол. - Мемлекеттік компания ретінде тұтынушылар үшін де, жеткізушілер үшін де отын нарығында ойынныӊ қисынды және айқын ережесін белгілеуге мүдделіміз. Біз басқа қатысушылар үшін бағдар болғымыз келеді және әріптестік бағдарлама осыған мүмкіндік туғызады.

Жеке меншікке ЖМҚС желісін тапсыру бағдарламасы 2015 жылғы шілде айынан бастап қолданылады және мұнай-газ активтерін басқарудыӊ тиімділігін арттыруға бағытталған. Бағдарлама "Самұрық-Қазына" компаниялар тобын трансформациялау аясында жүргізілуде және тәжірибеде оныӊ негізгі мақсаттары - шығындарды оӊтайландыру, шағын және орта бизнесті қолдау іске асырылуда.

Бұл жобаны ірі компания шағын және орта бизнестіӊ дамуына көмектесіп жатқан кезде мемлекеттік - жеке меншік әріптестіктіӊ үлгісі деп атауға болады, - деп айтып өтті салтанат барысында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС (ҚМГӨ) Бас директоры (Басқарма төрағасы) Геннадий Морозов. - Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" компаниясыныӊ жеке бренді барынша демократияланды, өйткені кәсіпкерлер оныӊ бір бөлігі болу мүмкіндігіне ие болды.

ШОБ ынтымақтастық бағдарламасы "CODO" - "Company Owned - Dealer Operated", "Компания иеленеді - дилер басқарады" деп аталады. Ұқсас сызба бойынша АҚШ-да Exxon Mobil, Shell, Chevron, Еуропада - Лукойл, Ромпетрол, Ресейде - Лукойл, Shell компаниялары және басқалары жұмыс істейді.

"CODO" форматында ЖМҚС жекешелендірілмейді және ҚМГ жеке меншігінде қалады, олар үшін ҚМГӨ жалғыз мұнай өнімдерін жеткізуші болып қалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны