17.04.2020, 16:24 5160

"Шу Жылу" КМК-ы үшін уақытша өтемдік тарифтер бекітілді

Нәтижесінде қолданыстағы орташа-босату тарифі деңгейі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4810,56 теңгеден 4741,44 теңгеге дейін немесе 1,44%-ға төмендетілді.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - "Шу Жылу" КМК-ы үшін уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Тарифтік сметаның шығындары 592,75 мың теңге сомасына орындалмағаны үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 14 сәуірде "Шу-Жылу" МКК-ы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметі бойынша уақытша өтемдік тарифтер бекітті. Нәтижесінде қолданыстағы орташа-босату тарифі деңгейі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4810,56 теңгеден 4741,44 теңгеге дейін немесе 1,44%-ға төмендетілді.

Уақытша өтемдік тарифтер 2020 жылдың 1 мамырынан бастап, 2021 жылдың 1 мамыр аралығында қолданыста болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны