27.05.2008, 13:56 1580

Швейцария Қазақстанмен арадағы сауда-саттықты ұлғайтуды қолдайды

Швейцария Қазақстанмен арадағы сауда-саттықты ұлғайтуды қолдайды

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Швейцария Қазақстанмен арадағы сауда-саттықты ұлғайтуды қолдайды. Бұл туралы бүгін Швейцарияның экономикаолық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары Моника Рюль-Бюрци сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Швейцария үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Екі ел арасындағы тауар айналымының даму қарқыны аса жоғары, алайда, пайдаланылуы қажет әлеует бізде бар", - деді М. Рюль-Бюрци.

Өз кезегінде комиссияның тең төрайымы- ҚР әділет министрі Зағипа Балиеваның айтуынша, "Швейцария Қазақстанның басты сауда әріптестерінің бірі және 2007 жылдың қорытындысы бойынша республиканың сыртқы сауда айналымында төртінші орынды иемденген".

Қазақстанның кеден органдарының мәліметінше, бүгінде республикалық барлық елдерден тауар айналымының жалпы көлемінің 9,6%-ы Швейцарияның үлесінде", -деді министр. Оның мәліметінше, Қазақстан мен Швейцария арасындағы сыртқы тауар айналымы $7 млрд. 723,9 млн құрады.

З. Балиеваның айтуынша, Қазақстаннан Швейцарияға негізінен бағалы және жартылай бағалы тастар, бағалы металдар, минералдық өнімдер мен асыл емес металдар мен одан жасалған бұйымдар экспортталады. Швейцариядан Қазақстанға химиялық өнеркәсіп өнімдері, жер үсті, әуе және су транспорты құралдары, оптикалық аспаптар мен аппараттар әкелінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны