13.07.2018, 20:07 9509

Швейцария өкілдеріне Алматы индустриялық аймағыныӊ әлеуеті мен "Smart Almaty" бағдарламасыныӊ шеӊберіндегі жобалар таныстырылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швейцарияныӊ Федералды кеӊесшісі, экономика, білім және зерттеу Федералды департаментініӊ басшысы Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today- Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швейцарияныӊ Федералды кеӊесшісі, экономика, білім және зерттеу Федералды департаментініӊ басшысы Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, стартаптарды қолдау және "Smart city" жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Тәуелсіздік жылдары екі ел арасында түрлі бағыттар бойынша кеӊ спектерлік серіктестік орнықты, бүгінгі күні Швейцария Қазақстанныӊ үшінші ірі шетелдік инвесторы болып табылады.

Алматыда сауда, медицина, қаржы және басқа салалар бойынша швейцарлық капиталмен 94 кәсіпорын жұмыс істейді, тауар айналымы да арта түсуде.

"Біз Қазақстанға түрі салада жұмыс істейтін бизнесмендердіӊ үлкен делегациясымен келдік. Сапардыӊ басты мақсаты - бұрыннан бар серіктестік қатынасты нығайту және жаӊа ынтымақтастықты қалыптастыру. Швейцарияда пайдалы қазбалар жоқ, сондықтан ел экономикасы жаӊа технология мен қызмет көрсетуге негізделген. Алматы - жедел дамып келе жатқан мегаполис, басты әлеуеті стартаптарды дамытуға бағытталған. Қаланыӊ географиялық орналасуы, дамыған инфрақұрылымы Алматыны бүкіл Орта Азия өӊірі бойынша бизнесмендердіӊ қызметін кеӊейтудіӊ айшықты алаӊына айналдырады", - деп атап өтті Йоханн Шнайдер-Амманн.

Сапар барысында Алматыда батыс европалық бизнесмендермен жергілікті іскерлік орта өкілдерініӊ В2В кездесуі өтті. Швейцарлық делегация арнайы экономикалық және индустриялық аймақтыӊ әлеуетін және "Smart Almaty" жобаларыныӊ жүзеге асуын көрді.

Айта кетерлігі, 2016 жылы Алматы және Лугано қалалары әкімшіліктерініӊ арасында сауда, экономика, ғылым, технология, сонымен қатар туризмді алға жылжыту, мәдени алмасу салаларын дамыту жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны