18.02.2020, 23:14 9302

Шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 млрд. теңгеге ұсыныстар берілді

2020-2022 жылдарға арналған бюджетті Парламентте қорғау шеңберінде Үкімет дивидендік саясатты қайта қарау бойынша міндеттеме қабылдады, оның нәтижелері бюджетті нақтылау кезінде ұсынылатын болады.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Президент 24 қаңтарда мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы приоритетті емес шығыстарды қысқарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау үшін шығыстарды талдау бойынша жұмыс жүргізілді және оларды қысқарту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Осы ұсыныстар ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау және келесі үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын болады.

Шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 млрд. теңгеге ұсыныстар берілді, оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 млрд. теңге, өңірлерден 26,6 млрд. теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд. теңге.

Мемлекеттік бюджет бойынша оңтайландыруға мынадай шығыстар ұсынылды: семинарлар, конференциялар өткізуге, автокөлік, жиһаз сатып алуға арналған шығыстар - 4,2 млрд. теңге, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалық зерттеулер - 15,7 млрд. теңге, өзге де өнімді емес шығыстар - 29,7 млрд. теңге

Жергілікті бюджет шығыстары бойынша

Өңірлер 26,6 млрд. теңге сомасында қаражатты оңтайландыруды ұсынды.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі 2019 жылға жергілікті бюджеттердің атқару қорытындыларын қарады. Өткен жылы жергілікті бюджеттердің кірістері асыра орындалды. Нәтижесінде бос қалдықтар қалыптасты.

Осыған байланысты, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын жобалар бойынша өңірлердің қоса қаржыландыру үлесін қосымша 7%-ке ұлғайту ұсынылады.

Бұл республикалық бюджетте 36,9 млрд. теңгеге қаражатты босатады.

2020-2022 жылдарға арналған бюджетті Парламентте қорғау шеңберінде Үкімет дивидендік саясатты қайта қарау бойынша міндеттеме қабылдады, оның нәтижелері бюджетті нақтылау кезінде ұсынылатын болады.

Баяндалғанды ескере отырып:

1. Мемлекеттік органдар мен өңірлер Қаржы министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып шығыстарды қосымша оңтайландыру бойынша жұмыс жасау керек.

2. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджетке төлеп отырған дивидендер көлемін 50%-ке дейін жеткізу мәселесін пысықтауды жылдамдату қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны