14.02.2020, 20:50 7072

Шымкент қаласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылады

Ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталған әкім өткен жылы аталған саламен 29 млрд.теңгенің өнімі өндірілгенін мәлім етті.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. "Түркістан" сарайында өткен есепті кездесуде әкім 2019 жылы қаланың экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Есепті жиынға қатысқан бір мыңнан астам тұрғыннан бөлек, шымкенттіктер қала басшысының есебін қала әкімдігінің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі facebook парақшасында жүрген тікелей эфир арқылы да тыңдады.

Өткен жылы қалада біршама жұмыстар атқарылғанын айтқан қала әкімі жоспарлы индикаторларға қол жеткізілгеніне тоқталып өтті. Мәселен, өнеркәсіп өнімі 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға өссе, ауыл шаруашылық өнімі 6,3 пайызға, жаңа тұрғын үйлер 19,2 пайызға, ал, бөлшек сауда 7,1 пайызға артқан.

"Республика бойынша индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында Шымкентте 3 жылда 24 кәсіпорын ашылып, 1300 тұрақты жұмыс орны пайда болды. Ал, өткен жылы "Альянс" компаниясының жіп иіру фабрикасы қайта іске қосылды. Ол бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған еді. Қалада 2 индустриялық аймақ тиімді жұмыс істеуде. Қазіргі таңда, 64 млрд.теңге инвестициялар тартылып, 72 жоба іске қосылды. Осының есебінен 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, бюджетке 13,4 млрд.теңге салық түсті",-деді М.Әйтенов.

Өз баяндамасында Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы 3 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылып, оған 2,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылатынына тоқталып өтті. Нәтижесінде 2 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылатын болады. Ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталған әкім өткен жылы аталған саламен 29 млрд.теңгенің өнімі өндірілгенін мәлім етті. Оның айтуынша, салаға соңғы 3 жылда 2,6 млрд. теңге инвестиция салынып, 56 гектар жерге жылыжай және 215 гектар жерге қарқынды бау егілген. Ал, етке 24 мың бас ірі қара бордақыланып, 111 жанұялық сүт фермасы ашылған. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 млрд.теңге субсидия төленген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны