01.04.2020, 14:17 5631

Шымкентте жоспардан тыс бес тексеру жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініштері негізінде 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша табиғи монополия субъектілеріне жоспардан тыс 5 тексеру жүргізді.

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте жоспардан тыс бес тексеру жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініштері негізінде 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша табиғи монополия субъектілеріне жоспардан тыс 5 тексеру жүргізді.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысына сәйкес 3-і бойынша әкімшілік іс қозғалып, 2 315 690,37 теңге әкімшілік айыппұл салынып, 2 129 183,53 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Сондай-ақ, тексеру қорытындылары бойынша негізсіз табылған 1 948 903,78 теңгені тұтынушыларға қайтару бойынша нұсқама шығарылды.

Жіберілген заң бұзушықтардың басым бөлігі газ желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру, жеке және жалпы үйлік су есептеу аспабының айырмасын есептеу кезінде орын алған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" № 229 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізу тоқтатылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны