16.07.2020, 10:54 4852

Шымкенттің Индустриалдық аймағында коммуналдық тарифтер төмендетілді

Осылайша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрықтарымен келесі уақытша өтемдік тарифтер енгізілді

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan Today - Шымкенттің Индустриалдық аймағында коммуналдық тарифтер төмендетілді.

"Ордабасы индустриялық аймақ" ЖШС-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығын анықтады.

Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2019 жылы субъектінің негізсіз табыс сомасы 973 092 теңгені құрады, оның ішінде:

- суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша - 352 305 теңге;

- сарқынды суларды бұру қызметі бойынша - 541 871 теңге;

- тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметі бойынша - 78 916 теңгені құрады.

Осылайша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрықтарымен келесі уақытша өтемдік тарифтер енгізілді:

- суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша бір жыл мерзімге 215,11 теңге/м3 мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 223,21 теңге/м3 3,6% - ға төмендетумен;

- сарқынды суларды бұру қызметі бойынша бір жыл мерзімге 72,21 теңге/м3 мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 87,37 теңге/м3 17,35% - ға төмендетумен; - тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметі бойынша бір жыл мерзімге 3067,13 теңге/м3 мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 3069,98 теңге/м3 0,1% - ға төмендетумен.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны