17.12.2018, 14:28 6919

"Сыбаға" бағдарламасыныӊ талаптары өзгертілді

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды алған шаруашылықтар сатып алынған активтерді -малды, техниканы, жабдықтарды - кепілдік ретінде қоя алады

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несиелік қаражатқа сатып алынатын мал мен жабдықтар кепілзат ретінде қабылданады. Енді несиелеудіӊ шарттары жеӊілдеп, шаруалар асыл тұқымды ірі қара малды ғана емес, сонымен қатар тауарлық (тұқымды емес) малды да кепілдік ретінде қоя алады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген мал шаруашылығын дамытудыӊ салалық бағдарламасы отандық мал басын көбейту, малдыӊ сапалық сипаттамаларыныӊ жақсарту мен қазақстандық ет экспортын арттыруды қарастырады.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ бұл бағдарлама аясында "Сыбаға" арқылы шаруашылықтарды несиелендіреді. Несиелер импортталған ірі қараныӊ аналық мал басын сатып алуға, ұсақ мүйізді мал мен негізгі құралдарды сатып алуға беріледі.

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды алған шаруашылықтар сатып алынған активтерді -малды, техниканы, жабдықтарды - кепілдік ретінде қоя алады, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ" басқарма төрағасыныӊ орынбасары Думан Оспанов. - Бұрын тек асыл тұқымды мал қабылданған болса, бүгінгі күні несиелеу ережелеріне өзгерістер енгізілді: кепілдіктіӊ 50% дейін тауарлы ірі қара мал алынады. Бұл өзгеріс қарыз алушылардыӊ кепілдік жүктемесін төмендету үшін жасалынған.

Ағымдағы жылы жеӊілдетілген несиелеудіӊ артықшылықтарын алғашқы болып Ақтөбе облысындағы "Қызылшоқы" шаруа қожалығы пайдаланып, Пермь облысынан 75 герефорд сатып алды. Бұл шаруашылық Қормен бірнеше жыл бойы ынтымақтастықта жұмыс істеп келе жатыр. Осыдан бұрын "Игілік" бағдарламасыменнесие алып, тауарлы ірі қараныӊ 30 басын сатып алған. Бүгін малдыӊ етті сипаттамаларын жақсартуға назар аударып, тек асыл тұқымды сиырларды сатып алуда. Шаруа қожалығында қазір 200 мал басы бар, бұқашықтар "Актеп" бордақылау алаӊына тапсырылып, әрі қарай тауарлы партиялармен экспортқа бағытталады.

"Салтанат" шаруа қожалығы Қарағанды облысында орналасқан. 2010 жылы "Сыбаға" бағдарламасымен бірінші рет несие алып, 7,5 млн теӊгеге 50 бас ірі қара алған. Малдыӊ сапасын жақсарту үшін ферма екі асыл тұқымды бұқаны сатып алды. 7 жылдыӊ ішінде төлдіӊ сапалық сипаттамаларын айтарлықтай жақсартты. Алғашқы қарызды қайтарғаннан кейін Қордан тағы несие алып, 100 астам қазақы ақбас сиырын Ресейден әкелді. "Салтанат" ШҚ жыл сайын бордақылау алаӊдарына 100 дейін мал басын тапсырып тұрады.

Батыс Қазақстан облысында орналасқан "Арғымақ" шаруа қожалығы60 симментал мал бассынТамбов облысынанәкелді. Бұған дейін шаруа қожалығында 100 жылқы мен еділбай тұқымыныӊ 700 жуық қойы бар еді. Бірақ шаруа басшысы тиімді мал шаруашылығын дамытамын деп, Ресейденбір жарым жастағы ұрықтандырылған қашарлады әкеліп, жазға қарай алғашқы төл аламыз дейді.

Жақында Ақмола облысыныӊ "Ел-Хан" ЖШС Буланды ауданына 100 ангусты әкелді. Олардыӊ 60, сондай-ақ "Беларус" тракторы мен пресс-жинақтағыш Қордыӊ көмегімен алынды. Қалған 40 сиырды өз қаражатына сатып алған. Ангустар "Терра" ЖШС-ненсатып алынған болатын, бұл ірі мал бордақылау алаӊы "Аграрлық несие корпорациясыныӊ" қолдауымен американдық ангустарды осыдан екі жыл бұрын АҚШ-тан алып келген. Олардан алған сапалы төл қазір жергілікті мал фермаларына сатылады.

Шетелден мал басын сатып алған шаруашылық әрбiр мал басы үшін 225 мыӊ теӊге субсидия алады. Мемлекет тарапынан қолдаудыӊ тағы бір тетігі - бұқаларды бордақылау алаӊдарына жеткізуге төленетін субсидия - тірі салмақыӊ бір килограмына 200 теӊгеден.

Бүгінгі күні "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 14,4 млрд. теӊгеге 643 өтінімді қаржыландырды. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде елімізге 22,2 мыӊ бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінеді және 72,5 мыӊ ұсақ мүйізді мал басы сатып алынатын болады. Ағымдағы жылдыӊ аяғына дейін республика аумағына 10 мыӊнан астам ірі қара мал жеткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны