25.12.2006, 12:28 3134

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бір жолы салық мөлшерін төмендету болмақ - Қаржы министрі

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бір жолы салық көлемін төмендету болмақ, деп санайды ҚР қаржы министрі Наталья Коржова.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бір жолы салық көлемін төмендету болмақ", - деді мәжілістегі "үкімет сағатында" сөз алған ҚР қаржы министрі Н. Коржова, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз экономикаға деген салық ауыртпалығын төмендету қажет екенін білеміз, соның аясында ресми салықтар мен төлемдердің мөлшерін төмендету, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртіптерін жеңілдету мен салық әкімшілігі тәртіптерін жеңілдету қажет. Сонда шенеуніктердің пара алу, ал бизнес өкілінің оны беру қажеттілігі тумайды", - деп санайды министр.

Н. Коржованың пікіріне сүйенсек, бизнес өкілдері "көлеңкеде жұмыс істеуден шаршаған", олар ашықтыққа ден қойғысы келеді.

"Егер салық төлемдерінің мөлшері төмен болса, онда оны бюджетке төлеген жеңіл болады",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны