13.05.2014, 20:46 2100

СҚО әкімдігі мен "NADLoc" жергілікті қамтуды дамыту туралы меморандумға қол қойды

Айта кетерлік жайт, шара барысында отандық тауар өндірушілер үшін қазақстандық қамту, жергілікті қамту бойынша есеп формасын толтыруға арналған семинар өткізілді.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысында "NADLoc" жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ мен облыс әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша меморандумға отырды.

Петропавлда облыс әкімі Самат Ескендіровтың қатысуымен жергілікті қамту мәселелеріне байланысты семинар-жиналыс өтті.

Кездесуді салтанатты түрде ашқан аймақ басшысы жобаларды жүзеге асыру мақсатында сатып алуды жүргізуде ашықтықты орнату бастамасы, отандық тауар өндірушілерге, жұмыс және қызмет көрсетушілерге ақпараттық қолдау көрсету офсетті ынтымақтастықты орнатуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, деп баса айтты.

Келелі кеңесте Қаржы басқармасының басшысы Ескен Икімжанов, "NADLoc" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенев, ТОО "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас диреткорының орынбасары Иділет Ибілқайыров сөз сөйледі, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сонымен қатар, отырыс барысында "NADLoc" жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ мен Солтүстік Қазақсатан облысының әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша меморандумға отырды.

Айта кетерлік жайт, шара барысында отандық тауар өндірушілер үшін қазақстандық қамту, жергілікті қамту бойынша есеп формасын толтыруға арналған семинар өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны