22.05.2017, 14:53 3019

СҚО әкiмдiгiнде Кәсiпкерлiктi қолдау картасыныӊ қорытындысын талқылады

"Бiзде шетел инвестициясы өте аз. Ирбiр ауданныӊ әлеуетiн ескерiп, шетел инвестициясын тарту бойынша жұмыс iстеӊдер. Интернетте ақпарат шетел тiлiнде болсын. Тоқтап тұрған кәсiпорындарға да Жол картасы болуы керек",-дедi облыс әкiмi.

Петропавловск. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде Кәсiпкерлiктi қолдау картасыныӊ қорытындысын қарады. Облыс әкiмiнiӊ орынбасары Ратмир Ахметовтiӊ ақпаратына қарағанда, өӊiр басшысыныӊ тапсырмасына орай өӊiрдегi кәсiпорындардыӊ мүмкiндiгiн ескерiп, тауарлар шығаруды игеру бойынша, импорт алмастыруға байланысты облыстан импортталатын өнiмдерге сараптама жасалған.

"Мақсатты аудиторияға беру үшiн үш тiлдi болжамда ықтимал инвестициялық жобалардыӊ пулi әзiрлендi. Белсендi өткiзiлетiн жобалар бойынша егжей-тегжейлi жол карталары жасалды. Өӊiрдiӊ кәсiпорындарын технологиялық жаӊғырту бойынша жоспар қалыптасты. Қабылданған шаралар облыстағы инвестийиялық қызметтi дамыту бағыттары бойынша нақты бағдарды бередi",-дедi Ратмир Ахметов.

Биыл Кәсiпкерлiктi қолдау картасына 5 жаӊа жоба ендi. Стратегиялық құжат барлығы жалпы сомасы 65 млрд. теӊге болатын 36 жобадан тұрады.

"Үстiмiздегi жылы 7 жобаны iске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол қалайы өндiру жөнiндегi "Сырымбет" АҚ сияқты iрi жобалар. Жыл соӊына дейiн шампиньон өндiретiн "Грибной мир" жобасын жүзеге асыру да жоспарлануда. "Трансагроинвест" ЖШС қант өндiретiн болады. Таяу уақытта ҚХР-дiӊ Сиань және Гуанчжоу өӊiрлерiнен бизнес-қауымдастықтыӊ пулiмен келетiн негiзгi делегацияны күтiп отырмыз, Олар өзiнiӊ қуатын ұқсатуға, бiрiншi кезекте-бидайға, ауыл шаруашылығы өнiмдерiне, сосын қой мен қара малдыӊ терiлерiн өӊдеуге орналастыруды жоспарлауда",-дедi Ратмир Азметов.

Құмар Ақсақалов өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша Картаныӊ 12 жобасы өзiнiӊ өндiрiстiк қуаттылығына жетпегенiн атап айтты. Биылғы жылдыӊ бiрiншi тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша олардыӊ 8-i жобалық қуаттылығына шықты. Қалған 4-уi маусымдық қуатқа ғана ие.

Өӊiр басшысы Кәсiпкерлiктi қолдау картасы аясында жүзеге асырылатын әрбiр жоба маусымдық өндiрiсiмен бiрге мұқият әзiрленуге тиiс екендiгiн, барлық жағдайлар есептелуi қажеттiгiн атап айтты.

"Қандай өзгерiс болып жатқандығын ай сайын бiлiп отыруым керек. Егер қандай да бiр iс атқарылмай жатса, соны байқап, оған дер кезiнде көмек көрсетуiмiз қажет. Бiр жыл өтсе де, сiздер ЖСҚ-мен және бизнес-жоспарды түзетумен айналысып жатасыздар. Менi ол қанағаттандырмайды. Бұл-жұмыс емес. Сiздердiӊ жұмыстарыӊызды жарты жылдыӊ қорытындысы бойынша бағаламаймын. Ай сайынғы жұмыстарыӊызды бағалайтын боламын. Бiр ай өткенде-нәтиже болса, жақсы. Нәтиже болмаса-минус. Түзейсiздер, бәрiн қайта жасайсыздар. Жобалар толық қуатында жұмыс iстегенге шейiн бiрге алып жүруiмiз керек",-дедi өӊiр басшысы.

Кеӊес барысында үстiмiздегi жылдыӊ 4 айында өӊiрге 32,2 млрд. теӊгенiӊ инвестициясы салынғӊаны атап айтылды. Осы жағдайда негiзгi капиталға инвестиция салудыӊ өсiмi бойынша облыс республикада екiншi орынға ие болып отыр.

Өӊiр басшысы инвестиция тарту бойынша жұмыс тiстi деӊгейде жүргiзiлiп жатпағанын атап айтты. Мысалы, аудандар мен Петропавл қаласыныӊ арнайы сайттарында осы сала бойынша қажеттi ақпарат жоқ.

"Бiзде шетел инвестициясы өте аз. Ирбiр ауданныӊ әлеуетiн ескерiп, шетел инвестициясын тарту бойынша жұмыс iстеӊдер. Интернетте ақпарат шетел тiлiнде болсын. Тоқтап тұрған кәсiпорындарға да Жол картасы болуы керек",-дедi облыс әкiмi.

Биыл ағаш өӊдеу, кiрпiш, темiрбетон бұйымдарын шығару, астық қабылдау және сақтау, құс фабрикасы, "Биохим" ӨК, ет комбинаты және жемазық цехы сияқты тоқтап тұрған 6 кәсiпорынныӊ жұмысын жандандыру жоспарланып отырғанын сөз ретi келгенде айта кеткен жөн. Соныӊ нәтижесi бойынша 650 жұмыс орны ашылатын болады.

Облыс әкiмi инвестиция тарту мақсатында ҚХР өӊiрлерiмен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттiгiне назар аударды.

"Қазiр Қытайда мол қаржы бар, бүгiн Қытай әлемдегi басты инвесторлардыӊ бiрi. Бiз Қытайдыӊ әлеуетiн, қаржысын пайдалануымыз керек, сол үшiн барынша жұмыс iстеӊiздер. Индустриялы аймақ бойынша-әлi оны қанша уақыт салуымыз керек? Тоқтап тұрған кәсiпорындар базасында қаӊқасы ғана қалған өндiрiс аумақтарыныӊ саны жетерлiк. Сонда жасаӊдар. Қала әкiмiмен бiрге ойластыруды тағы да тапсырамын. Қазiр мол қаржы құйып, құрамыз, миллиардтаған қаржы жұмсаймыз. Олар қаншалықты ақталатын болады?",-дедi СҚО әкiмi.

Құмар Ақсақалов "Атамекен" Ұлттық кәсiпкерлер палатасы сауалнамасыныӊ қорытындысы бойынша 2015-2016 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы iскерлiк ахуал деӊгейiнен соӊғы орындарды иеленетiндiгiне жиналғандардыӊ назарын аударды.

"Бiздiӊ өӊiрдiӊ кәсiпкерлерi бiздiӊ жұмысымызды, оларға қалай көмектесiп жатқанымызды осылай бағалайды. Бұл-барлығымызға берiлген баға. Бұл-бюрократия, сөзбұйда, қолжетiмсiздiк, жабықтық",-деп атап айтты Құмар Iргебайұлы.

Өӊiр басшысы кедергiлердi жойып, кәсiкерлерге жан-жақты қолдау көрсетудi тапсырды. Сол сияқты аудандар мен Петропавл қаласыныӊ әкiмдерiне жүзеге асыру үшiн инвестицияны қажет ететiн жобаларды әзiрлеп, экономикалық негiздемемен тұсаукесер өткiзудi жүктедi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны