10.04.2017, 17:58 5114

СҚО әкiмi айыртаулықтарға ауыл шаруашылығы тауарларын тереӊ өӊдеуге арналған жұмысты күшейтудi тапсырды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды.

Петропавловск. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды. Саумалкөл ауылында өӊiр басшысы "Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарласы арқылы пайдалануға берiлетiн "Бижов" ЖК-нiӊ заманау сауда орталығыныӊ құрылыс барысымен танысты. Аталмыш нысан тамақ өнiмдерiмен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс материалдарымен және киiм-кешектермен сауда жасайтын болады.

Кәсiпкерлiк бөлiмiнiӊ басшысы Гүлмира Ибiлқайырованыӊ айтуына қарағанда, өткен жылы ауданда "Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд. теӊгенiӊ 11 жобасы мақұлданған. Соныӊ бiрi - "Бижов" ЖК-нiӊ заманауи сауда орталығы.

"Инвестиция сомасы 85 млн. теӊгенi құрады, оныӊ 68 млн. теӊгесi "Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарласы бойынша да, қалғаны өзiндiк қаржы. Биыл жүзеге асырылатын жоба 20 жұмыс орнын ашуды көздейдi. Қазiргi уақытта ауданда 1328 кәсiпкер бар, олардыӊ 116-сы - шағын және орта бизнес өкiлдерi",- дедi Гүлмира Ибiлқайырова.

Кәсiпорын директоры Александр Бижов аталмыш жобаныӊ мемлекет қолдауы арқасында жүзеге асып жатқандығын атап айтты.

"Алғашында банк 17,5 пайыз үстемемен қарыз бердi, оныӊ 10 пайызын мемлекет демеуқаржыландырды, қалғаны - 7 пайыз. Мемлекеттiӊ қолдауы арқасында ғана сауда үйiн салу мүмкiндiгi туды. Өйткенi ауданда 17 пайыз үстемемен құрылыс салу өте қиын. Жол картасы бойынша бiз екiншi жобаны iске асырудамыз. Биыл 500 орындық тойхана салуды жоспарлап отырмыз",- деп өз ойымен бөлiстi Александр Бижов.

"Сауда өркениеттi және таза болуға тиiс. Тағамдар тексерiлген болуы қажет, соған орай. тексерiлген өнмдердi ғана алған жөн. Тұрғындар Солтүстiк Қазақстан облысында өндiрiлген сапалы өнiмдердi ғана сатып алуы керек. Сiз бiрiншi жобаға көмек алып, жүмыс барысында оныӊ пайдасын түсiндiӊiз, ендi мiне екiншiсiн алып отырсыз. Сөйтiп сiздiӊ екiншi жобаӊызға да мемлекет қолдау көрсетiп отыр. Яғни барлық тетiктер нақты жұмыс iстейдi. Президент: "Бизнеспен айналысыӊдар,бiз сiздерге көмектесемiз" дегендi тектен-текке айтқан жоқ. Жұмыс iстегiсi келгендерге мемлекет көмектеседi. Сiздiӊ тiрлiгiӊiз - соған мысал. Кiмде-кiм жұмыс iстеп байығысы келсе, мемлекет қолдауға әзiр. Олар жұмыс орындарын ашып, салық төлеуге тиiс",- дедi өӊiр басшысы.

Келесi ат басын бұрған нысан - жетiм және ата-аналарыныӊ қамқарлығынсыз қалған балалардыӊ Айыртау мектеп -интернаты болды. Мекеме тәрбиеленушiлерi өӊiр басшысына жармадан, iнжу-маржаннан, шырша түйiндерiнен өздерi жасаған бұйымдарды және "Бiр шаӊырақтыӊ астында" атты қуыршақ композициясын көрсеттi.

"Мына жұмыстарды мұражайға қоюға болады. Балаларға осылай жасынан бастап туған жерге деген сүйiспеншiлiктi, толеранттылықты, отансүйгiштiктi дарыта беру керек. Олар әр ұлттыӊ мәденетiн бiлуге тиiс",- дедi Құмар Ақсақалов.

.Өӊiр басшысы балалар тұратын бөлмелердi аралап, олардыӊ бос уақытын қалай өткiзетiндiгiмен танысты, тәрбиеленушiлермен әӊгiме барысында олардыӊ болашақ жоспарларына қызығушылық бiлдiрдi.

"Балалар оқумен бiрге шығармашылықпен де айналысқаны дұрыс. Мемлекет те мектептен кейiн көмек көрсетуге тиiс. Оқушылар спорт, шығармашылық, қолөнер, ғылым сияқты өздерi қалаған iспен айналысқаны жөн. Бiз аудан әкiмдерiмен олардыӊ үйде компьютер алдында ғана отырмауы үшiн қолдан келгеннiӊ бәрiн жасаймыз. Көшеде де өмiр, қарым-қатынас, спорт, өнер, ән-күй мен би бар екендiгiн ұмытуға болмайды. Кiтап оқу керек. Президентiмiз айтқандай: "Болашақ - кiтап оқығандарда, олар компьютер алдында отырғандарды меӊгерiп кететiн болады", Өйткенi кiтап адамды дамытады, ойлай бiлуге үйретедi. Болашаққа жан-жақты адамдар қажет. Мемлекет дамып жатыр, бiз сiздердiӊ қатарластарыӊыздыӊ жан-жақты дамыған болуын қалаймыз. Ол үшiн рухани жағынан күштi, денсаулығы мықты, толерантты, барлық ұлттарды бiрдей көретiн, 3 тiлдi жетiк бiлетiн болу керек. Тұрғын үй бойынша бiз көмектесемiз. Өткен жылы облыс бойынша жетiм балаларға 20 пәтер берiлсе, биыл 40 шақты пәтер беретiн боламыз. Еӊ негiзгiсi - оқуға түсу, мемлекет берiп отырған мүмкiндiктi пайдалану", деп атап көрсеттi Қүмар Iргебайұлы.

Кездесу соӊында мектеп-интернаттыӊ тәрбиеленушiлерi өӊiр басшысына өздерi жасаған тұмар-домбыраны тарту еттi. Облыс әкiмi бағалы сыйлыққа рахмет айта отырып, оныӊ өз кабинетiнде сақталатындығын жеткiздi.

Облыс әкiмi балалар үйiне теледидар сыйлады. Тәрбиеленушiлер "Экспо" әнiн орындады.

"Биылғы еӊ үлкен жоба - "Экспо-2017" Бұл жоба Қазақстан үшiн өте маӊызды. Ненi жүзеге асыра алатындығымызды бүкiл дүние жүзiне көрсетемiз. Бүл - әлемдегi еӊ көрнектi көрме.Жыл сайын өдерiнде осындай көрме өткiзу үшiн көптеген елдер байқауға қатысады. Оған әлемнiӊ түкпiр-түкпiрiнен қонақтар келедi. Елдер қызықты iстерiн көрсететiн болады, балалар үшiн де бұл қызықты оқиға. "Экспоға" мiндеттi түрде баратын болыӊдар. "Экспо" - бiздiӊ ел үшiн өзiн көрсетудiӊ зор мүмкiндiгi",- дедi балаларға Құмар Ақсақалов.

"Баянтай" ЖШС-нiӊ тұқым шаруашылығында облыс басшысы көктемгi-дала жұмыстарына дайындықтыӊ барысымен танысты. Агроқұрылымда себу техникалары жаӊартылыпты, техникалық қамтамасыз ету жаӊғыртылуда. Үстiмiздегi жылы майлы дақылдар егiсiн ұлғайту жолымен ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жүргiзiлмек.

"Өткен жылы әр гектардан 17,8 центнерден өнiм алдық. Олардыӊ 30 пайызы - 3-сыныпты. 4-сыныптыӊ ақуыздылығы 20-дан асты. Заттай бәрi жақсы, тек 3-репродукция ғана нашарлау болды.Техникаларды "Агроқаржы" арқылы лизингке және өз қаражатымызға алып жатырмыз", - дедi серiктестiк директоры Сырымбет Есенғалиев.

"6,7 пайызбен беретiн ешқандай ел жоқ. Оған техника алуға да, өндiстi көтеруге де болады. Ауыл шаруашылын пайдалану үшiн бәрi сапалы болып, технология бойынша жүру керек. Пармен, элиталық тұқыммен жұмыс iстесек, сапа да және тиiмдiлiк те болады",- дедi аграрлық сала қызметкерлерiне өӊiр басшысы.

Осы жерде Айыртау ауданыныӊ әкiмi Ағзам Тастемiров әлеуметтiк-экономикалық даму жайында айтып бердi.

"Бiздiӊ егiс алқабымыз - 381,9 мыӊ гектар, жаздық егiс - 353, 4 мыӊ гектар, 9,3 мыӊ гектарға жасымық, 20,3 мыӊ гектарға майлы дақылдар, 1,9 мыӊ гектарға жемазықтық дақылдар себемiз. Икелiнiп жатқан тұқымдардыӊ бәрi тексерiлген. Шығымдылығына қарай ауыстырдық",- дедi Ағзам Тастемiров.

Хабарламадан кейiн өӊiр басшысы жергiлiктi тауар өндiрушiлердiӊ өнiмдерiмен танысты.

"Мұндағылардыӊ бәрi сүт өнiмдерi. Қазiр сүттiӊ 1 литрi 150-160 теӊге тұрады. "Зенченко және К" және "Родина" фирмаларымен бәсекелесе аламыз. Сүттi елдi мекендерден сатып аламыз",- дедi өз өнiмдерiмен таныстырған "Гормолзавод" ЖШС-нiӊ директоры Асен Жақсылықов.

Өз кезегiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов басты мiндет кооперативтер құру екендiгiн, олар адамдарға жұмыс iстеуге, зауыттарға сүт тапсыруға мүмкiндiк беретiндiгiн атап айтты. Сондықтан сүт зауыттары бағаға мүдделi болуға тиiс.

"Баға төмен болса, ешкiм де тапсырмайды. Өзiндiк тәуекел мен шығынды ойластырып, өндiрiстi дұрыс ұйымдастыру керек. Қарыз деген мүлдем болмауға тиiс. Қымбат алсаӊдар, сiздерде әрдайым сүт болады, ол тауар айналымына да әсер етедi. Бiр күнде 6 тонна деген өте аз, зауыт кемiнде 50 тонна сүттi өӊдеуге есептелген ғой",- дедi өӊiр басшысы.

Асен Жақсылықов болашақ жоспарларымен де бөлiстi. Биыл зауыт қатты iрiмшiк жасайтын өндiрiстi iске қоспақ. Ол үшiн мүлiктiк кешендi кұрделi жөндеуден өткiзген көрiнедi. Алдағы уақытта Украинамен әрiптестiк орнатпақ.

"Орнататын желiлерiӊ заманауи болуға тиiс. Өнiмдi көбейте түсу керек. Аз-мұз тоқтасаӊдар - бәселестерiӊ басып озады",- дедi Құмар Iргебайұлы.

Жас кәсiпкер Вера Сухова өз бизнесi жайлы сөз қозғады.

"Италияндық қаз тұқымдары мен күркетауық, брама, цесарка өсiрумен айналысамыз. Базарға құс етi мен балапандар шығарамыз. Оныӊ көлемi әзiрше көп емес. Болашақта басқа аудандар мен қаланы қамтымақшымыз Жартылай өнiм шығаруды да қолға алдық. Барлығы да табиғи, барлығы да үйдiкi",- дедi "Сухова" ЖК-нiӊ басшысы.

"Сырымбет" АҚ компаниясыныӊ өкiлi Аркадий Ли қалайы кенiн өндiру жөнiндегi жобаны жүзеге асырудыӊ барысы жайлы айтып бердi.

" Құрылысқа қажеттi жер алдық. Комбинат құрылысы мен карьер үшiн жер әзiрлеуге жалпы аумағы 60 гектар орман алқабын кесуге рұқсатымыз бар. Жұмыс iстейтiн бас мердiгер 10 сәуiрде келмек. 500 млрд. теӊгенiӊ өнiмiн шығаруды жоспарлап отырмыз, ауданға түсетiн салық көлемi шамамен 2,5 млрд. теӊгенi құрайды",- дедi компания өкiлi.

"Өткен жылы электр желiсi тартылды, биыл мемлекет есебiнен темiр жол тартатын боламыз. Бiз басқа елдердегi әрiптестерiмiзбен пiкiрлестiк - Қазақстандағыдай бизнестi демеуқаржыландыратын бағдарлама ешкiмде жоқ. Ол теӊдессiз. Көмек көрсетемiз. Өткен аптада Астанада болдық. "Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша қосымша қаражат сұрадық - бiздi қолдады. Бизнеске қолдау ретiнде 1 млрд. теӊгеден астам қосымша қаражат аламыз. Сiздердiӊ жобаларыӊызды қарауға әзiрмiз. Бiзге жаӊа технологиялар мен жаӊаша iс-әрекет қажет",- деп атап көрсеттi Құмар Ақсақалов.

Мұндай көшпелi кездесулер көктемгi науқан алдында "сағатты тексеру" үшiн өткiзiлетiндiгiн өӊiр басшысы аграршыларға қарата айтты

"Соӊғы жылдары мынандай жерде өнген өнiмнiӊ 50 пайыздан астамы 4-5 сыныпты құрайды. Аз-мұз ауа райы өзгергенi түсiнiктi. Осындай ауа райында технологияны қатаӊ сақтау арқылы тұрақты әрi сапалы астық алатын шаруашылықтар бар ғой, Аудандағы тұқымныӊ 14 пайызы ғана 3-сыныпты болғаны - жақсы емес. Сiздер осы бағытта жұмыс iстеӊiздер, парды баптап, келесi жылға сапалы жер әзiрлеӊiздер. Пар кемiнде 5 рет өӊделуi керек. Бiз осы бағытта жұмыс iстейтiн боламыз. . Биыл облыс бойынша дұрыс ауыспалы егiс қалыптастыру үшiн, майлы дақылдар алқабын 200 мыӊ гектарға ұлғайтамыз. Бiз соны қадағалайтын боламыз. Жер тиiмдi жұмыс iстеуге тиiс",- дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, өӊiр басшысы мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тереӊдете өӊдеуге назар аудару қажеттiгiн алға тартты.

" Осыныӊ бәрi бiзде өсуге, ұқсатылуға және бiздiӊ дүкендерде сатылуға тиiс. Ауданныӊ, облыстыӊ, республиканыӊ iшiнде тiзбектi жұмыс болуы керек. Ауыл шаруашылығы өнiмдерi барынша ұқсатылуы қажет. Өйткенi бiз өз өнiмiмiздiӊ 20 пайызын ғана өӊдеп, қалғанын шикiзат күйiнде сатамыз. Бұл - барлығымыздыӊ алдымыздағы мiндет. Президент қосымша құн болу, жаӊа жұмыс орындарын ашу үшiн қайта өӊдеу мiндетiн қойып отыр. Бiз сiздерге "Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарламасы, сiздердiӊ кредиттерiӊiздi демеуқаржыландыру бойынша көмектесетiн боламыз. Бүгiн тетiктер өте көп. Осы тетiктердi тиiмдi пайдалана отырып жемiстi жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындарды аралау барысында көрiп жүрмiз",- дедi Құмар Iргебайұлы.

Мәдениет үйiнде облыс әкiмi ауданныӊ ардагерлерiмен кездесiп, жұмыс сапарыныӊ қорытындысын шығарды.

" Бiз жаӊа ғана ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлермен кездесiп, алдағы көктем науқанына қалай әзiрленiп жатқандары жөнiнде әӊгiмелестiк. Агроқұрылым басшылары бәрi жеткiлiктi екенiн баяндады. Дизель отыны жеткiлiктi дәрежеде әзiрленiптi. Бiзге қажеттiсi - технологиямен жұмыс iстеу мәселесi. Аудандағы тұқымныӊ 14 пайызы 3-сыныпты, қалғаны жалпы шығымдылықты. Солтүстiк Қазақстан облысы елiмiздiӊ астықты аймағы болуға тиiстi. Бiзде өнген және өӊделген өнiм барлық Қазақстанды қамтамасыз етуi керек",- дедi өӊiр басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны