05.04.2017, 19:01 7709

СҚО әкiмi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн көбейтудi тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Есiл ауданында болып, еӊ алдымен "Егiн" ЖШС-нiӊ диiрмен-макарон кешенiне ат басын бұрды.

Петропавловск. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Есiл ауданында болып, еӊ алдымен "Егiн" ЖШС-нiӊ диiрмен-макарон кешенiне ат басын бұрды. Серiктестiк 17 жылдан берi өсiмдiк шаруашылығымен айналысады. Егiс алқабыныӊ негiзгi бөлiгiн - 5 мыӊ гектардай жердi дәндi дақылдар иеленедi. Өнген астықты мұнда өздерi өӊдейдi. Өткен жылы олар бiр мыӊ тонна макарон мен одан үш есе көп ұн өндiрген. ЖШС директоры Владимир Чубыкиннiӊ айтуына қарағанда, өнiм Ресейге, Түркменияға, Қырғызстанға және Өзбекстанға жөнелтiледi.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов ұн мен кебек және макаронныӊ бiрнеше түрiн шығаратын өндiрiс цехымен танысты. Облыс әкiмi астық өӊдейтiн кәсiпорындар өӊiрде көп болукеректiгiн алға тартты

"Бiз ұқсатуды көбейтуiмiз керек. Иртүрлi дақылдарды өӊдеу үшiн, цехтар санын арттыру қажет. Мемлекет тарапынан инфрақрылым, жол, салуға, электр қуатын және коммуникация тарту үшiн бизнеске көмек көрсетуге әзiрмiз", - деп атап айтты өӊiр басшысы.

Кездесу барысында агроқұрылым басшылары көктемгi-дала жұмыстарына дайындық туралы айтып бердi. Бүгiнгi күнi олар себу науқанына сақадай сай. Оныӊ мәре алуы ауа райына байланысты. Серiктестiкте майлы дақылдарға көп алқап бөлiнiп отырғандығын атап айтқан жөн.

"Бүгiн сұраныс бар. Ол бидайға қарағанда өте өзектi және пайдалы. Өткен жылы 2,5 мыӊ гектар алқапқа майлы дақылдар еккемiз, биыл оны 3 мыӊ гектарға өсiрудi жоспарлап отырмыз",- деп өз ойын ортаға салды "Егiн" ЖШС-нiӊ директоры Владимир Чубыкин,

Өз кезегiнде Құмар Ақсақалов басқа өнiмдерге де назар аударды. Кебек қытайлық әрiптестердi қызықтыруы мүмкiн

"Анда бiздiӊ өнiмге қызығушылар көп. Қытайлықтар 60 мыӊ тоннадай кебектi бiзден алмақшы, сөйтiп сiздердiӊ өнiмдерiӊiз сұранысқа ие бола бередi", - дедi облыс әкiмi.

Кәсiпорында 100-ге тарта адам жұмыс iстейдi. Ал көктемгi және күзгi науқандарда жұмысшылар саны екi есеге дейiн көбейедi. Өӊiр басшысы өзiн қамтыған адамдар санын қысқарту қажеттiгiн атап айтты

"Тұрғындардыӊ өнiмдi жұмыс iстемейтiн санатын, өнiмдi iстейтiндер санатына ауыстыру керек. Олар өндiрiсте жұмыс iстеп, салық төлеуге тиiс.Бiз өз тарапымыздан бизнеске көмектесетiн боламыз. Олар - демеуқаржылар мен лизингке берiлетiн техникалар", И дедi Құмар Ақсақалов.

Өзектi мәселелердi талқылау үшiн облыс әкiмiмен кездесуге аудандағы басқа агроқұрылымдардыӊ басшылары да келдi. Ауылдықтардыӊ айтуына қарағанда, жанармайға және тыӊайтқышқа байланысты мәселе жоқ. Биыл Есiл ауданы 280 мыӊ гектардай алқапқа егiн сеуiп, 48 мыӊ гектарды парға қалдырғалы отыр.

"Бiз үшiн бастысы - жақсы танапты егiстi дүзеге асыру. Аудан әкiмдерi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен бiрге жұмыс iстеп, пар қажет екендiгiне көздерiн жеткiзуi тиiс. Парсыз және элиталық тұқымсыз астық ала алмаймыз. Бұл заӊды бiз ойлап шығарған жоқпыз. Бұл - жер игерудiӊ заӊы Пар 5 рет өӊделген болуға тиiс, яғни қап-қара жер. Еӊ тамаша жер бiздiӊ облыста. Мұнда Қазақстанныӊ астықты өӊiрi орналасқан, - дедi облыс әкiмi.

Өӊiр басшысы "Агрохмснаб" ЖШС-мен де танысты. Онда өсiмдiк шаруашылығымен және мал өсiрумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны