24.04.2017, 21:34 3302

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: "Елiмiзде өндiрiлетiн астықтыӊ 30%-ы - өӊiр әлеуетiнiӊ шегi емес"

Облыс орталығында өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен "2017 жылдыӊ көктемгi-дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткiзу" тақырыбында семинар-кеӊес өттi.

Петропавловск. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Облыс орталығында өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен "2017 жылдыӊ көктемгi-дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткiзу" тақырыбында семинар-кеӊес өттi.

Шара басталар алдында Құмар Ақсақалов шетелдiк және отандық ауыл шаруашылығы техникаларыныӊ көрмесiмен танысты, оныӊ iшiнде солтүстiкқазақстандық компениялар да өз өнiмдерiн ұсынды. Тракторлар, шөп шабатын машиналар, себу кешендерi және басқалар - бәрi де аграршыларға көктемгi және күзгi науқандарда керек техникалар. Өӊiр басшысы көрмеге қойылған техникалар жиынтығымен таныса келiп, олардыӊ бағасы сапасымен сәйкес келуi керектiгiн атап айтты. Сол сияқты сепараторлар сияқты қондырғыларды өзiмiзде де шығаруға болатындығына назар аударды.

Одан кейiн көктемгi - дала жұмыстарыныӊ шығынын қаржыландыратын қаржы институттары шараныӊ қонақтарын мемлекеттiк қолдау тетiктерiмен таныстырды, гербецидтер мен химиттарды жеткiзiп беретiн қазақстандық және ресейлiк компаниялар туралы айтып бердi.

Пленарлық отырысқа аудандардыӊ басшылары, ғалымдар, аграрлық кеӊестiӊ мүшелерi, әртүрлi аумақтық ведомстволардыӊ өкiлдерi, агроқұрылымдардыӊ басшылары, ауыл шаруашылығы техникалары мен өсiмдiктердi қорғау құралдарын жеткiзiп берушi фирмалар қатысты.

Мәжiлiстi ашқан өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстан-2050" Стратегиясыныӊ базасында жүзеге асырылатын "Қазақстанныӊ Үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" Жолдауы ауыл шаруашылығын ауқымды жаӊғыртуды қажет ететiндiгiн атап айтты. Исiресе ауыл шаруашылығы өнiмдерiне барынша сұраныстыӊ өсiп отырған жағдайында.

"Илемдiк азық-түлiк нарығыныӊ көшбасшысы атану және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн арттыру үшiн, егiстiк алқаптарын көбейту, бәрiнен бұрын жаӊа технологияларды енгiзу есебiнен гектар шығымдылығын барынша арттыру қажет. Аудандарда кездесiп жүрген кездерiмiзде бiздiӊ басты байлығымыз жерде екенiн бiрнеше рет айттым. Қазақстандағы еӊ бай және құнарлы жердi иеленiп отырмыз. Илемдiк деӊгейде мал шаруашылығыныӊ жемазықтық базасын құру үшiн зор әлеуетке иемiз", - дедi Құмар Ақсақалов.

Өӊiр басшысы Солтүтiк Қазақстан облысыныӊ артықшылығы ретiнде 5 млн. егiстiк алқаптыӊ орташа құнарлылығы 54,8 бал екендiгiн атады. Сондықтан елiмiзде өндiрiлетiн астықтыӊ 30%-ы - өӊiр әлеуетiнiӊ шегi емес.

"Бүгiнгi күнi бiз облыс iшiнде азық-түлiк тағамдарыныӊ кейбiр түрлерiмен өзiмiздi қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бай жерiмiз бола отырып, қайда келгенiмiздi байқайсыздар ма? Сондықтан әӊгiме осы жөнiнде болуы керек. Мемлекет басшысы белгiлеген стратегиялық мiндеттерге қол жеткiзуде тиiмдi жұмыс iстей алмай отырмыз. Бiздiӊ өӊiрiмiзде ауыл шаруашылығы еӊ басым бағыттардыӊ бiрi болуға тиiс. Жер-ананыӊ қайтарымын көтеру үшiн, бүгiн бiз басқа арнада барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен тығыз жұмыс iстеуiмiз қажет", - дедi облыс әкiмi.

Облыс әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров 2017 жылдыӊ көктемгi-дала жұмыстарын ұйымдастырушылықпен өткiзу туралы хабардар еттi. Ол өз баяндамасында ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшiн биыл облысқа 43,9 млрд. теӊге көлемiнде демеуқаржы қарастырылып отырғанын атап айтты. Өсiм - 39 пайыз.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша биыл егiстiк алқабы 4377,5 мыӊ гектарды құрайды. Жермен жұмыс iстеудiӊ экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында дәстүрлi әдiстермен бiрге қор сақтаудыӊ нөлдiк және жердi еӊ аз өӊдеу технологиялары пайдаланылады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiӊ мәлiметi бойынша дәстүрлi технологиямен өсiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдары - 47%-ды, еӊ азы - 42%-ды, нөлдiгi - 11%-ды құрайды. 2018 жылдыӊ астығына. 528,1 мыӊ гектар пар қалдырылады, 1,3 млн.гектар түрен түрiледi.

Облыс әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары аудан басшылары шаруашылық жетекшiлерiмен бiрге майлы дақылдар алқабын көбейту арқылы егiстi әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы дақылдарын тиiмдi кезеӊде себу қажеттiгiн атап айтты. Оныӊ үстiне егiс алқаптарыныӊ құрылымын толық сақтауы қажет.

"Дала жұмыстарын жанар-жағармаймен, оныӊ iшiнде бiрiншi кезекте дизель отынымен қамтамасыз ету маӊызды рөл атқарады. Көктемгi-дала жұмыстарына ҚР Үкiметi 1 литрi 126 теӊгеден 65 мыӊ тонна дизель жанармайын бөлдi. Бүгiнгi күнi 27,9 мыӊ тонна дизель отыны бар немесе 42%", - дедi Айдарбек Сейпiлұлы.

Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығыныӊ директоры Жексенбай Қасқырбаев 2017 жылдыӊ көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзудiӊ стратегиясы мен тактикасы жөнiнде сөз қозғады. Ол өсiмдiктердiӊ ауруына ерекше көӊiл бөлу керектiгiне назар аударды. Септориоз, сабақтыӊ таттануы және басқалары диқандарды 30 пайыздай өнiмнен ада қылады.

Ақпаратты тыӊдай келе, Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi тұрақты негiзде оқыту қажеттiгiн атап айтты. Өйткенi аграршылар соӊғы жаӊалықтарды, зерттеулердi бiлуге тиiс. Қосымша бiлiм жұмыс нәтижесiне оӊ әсер етедi.

Жемазық өндiрiсiнiӊ жағдайы туралы "Солтүстiк Қазақстан мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директорыныӊ мiндетiн атқарушы Ийiп Ысқақов айтып бердi. Ғылыми-зерттеу институты өкiлiнiӊ ақпаратына назар аудара келiп, өӊiр басшысы мал шаруашылығы жемазық өндiрiсiнсiз мүмкiн еместiгiн тағы да еске салды. Өйткен бiр саланыӊ дамуы екiншiсiне әсер етедi.

"Тайынша-Астык" ЖШС директоры Анатолий Рафальский көктемгi науқанға әзiрлiк жайлы айта келiп, өз серiктестiгiндегi егiстiк алқаптарды әртараптандыру жайынан мысал келтiрдi. Атап айтқанда көрсетiлген диаграмма бойынша 2008 жылы егiстiк алқаптыӊ 68,6%-на бидай егiлсе, 2016 жылы - 40,9%-на жасымық, 21,3%-на бидай егiлген.

"Соӊғы жылдары дәндi дақылдарға қарағанда басқа дақылдарға сұраныс жоғары. Бiздiӊ аграршыларымыздыӊ консерватизмi өздерiне және мемлекетке шығынмен жұмыс iстеуге әкелiп соғуда. Бүгiнгi күнi бiздiӊ облысымыз еӊбекақы жөнiнен өӊiрлер арасында соӊғы орында, жергiлiктi бюджеттiӊ кiрiсi бойынша республикада соӊғыныӊ алдында ғана. Еӊ бай жерде отырып, осылай жұмыс iстеудемiз",- дедi Анатолий Рафальскийдiӊ сөзiн мұқият тыӊдаған өӊiр басшысы.

Облыс әкiмi келесi жылдыӊ егiс алқаптарын әртараптандыруды қазiр бастауды тапсырды. Осы жағдайда майлы дақылдар өндiру әлдеқайда тиiмдi.

"Казгидромет" облыстық филиалыныӊ директоры Қымбат Мерғалимова алдағы ауа райы жайлы айтып бердi. Аз-мұз ауытқуларды есептемегенде, тұтастай алғанда ауа райы нормадағыдай болмақ.

Мәжiлiсте "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ филиалыныӊ директоры Исемгүл Қайырденова өӊiрде ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру жайлы сөз қозғады.

"2017 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамыту бойынша 129 кооператив құрылды, оныӊ 23-i - сүт бағытында. Жыл соӊына дейiн тағы 20 кооператив құру жоспарлануда. Осы бағытты дамыту саласында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ филиалы жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерiн жеӊiлдетiлген кредиттеу бағдарламасын жүзеге асыруда. Үстiмiздегi жылы республика бойынша қор 21 млрд. теӊгеден астам қаржыны осы мақсатқа жұмсамақ, оныӊ 2 млрд. теӊгеден астамы Қызылжар өӊiрiне тиесiлi. 2016 жылдыӊ қараша айынан берi облыстық филиал 287 мыӊ қосалқы шаруашылық пен 16 ауыл шаруашылығы кооперативiне 750 млн. теӊгенiӊ кредитiн бердi. Соныӊ есебiнен 16 сүт қабылдайтын қор және 184 отбасылық тауарлы сүт фермасы, 106 отбасылық сүт алаӊы құрылды", - дедi Исемгүл Қайырденова.

Мәжiлiстi қорытындылай келе, өӊiр басшысы облыстыӊ iшкi нарығы бұрынғысынша импортқа тәуелдi екендiгiн тағы да атап айтты.

"Бiздiӊ облысқа 1816 тонна шұжық өнiмдерi қажет. Бiз 1454 тонна ғана өндiремiз. Бұл жағдайда экспорт туралы айтып тұрған да жоқпыз.Бiз өзiмiздi-өзiмiз қамтамасыз ете алмай отырмыз, сондықтан басқа жақтан әкелуге тура келуде. АӨК-нi дамыту бағдарламасы аясында соӊғы жылдары мемлекеттiк бюджеттен 240 млрд. теӊге бөлiндi. Биылдыӊ өзiнде 43 млрд. теӊге. Осы жағдайда өткен жылы еӊбекақы төлеу қоры 13,5 млрд. теӊге ғана болды. Iс жұзiнде мемлекет демеуқаржы есебiнен сiздердiӊ жұмысшыларға жалақы төлеп отыр. Сiздердiӊ кәсiпорындарыӊызда жұмыс iстейтiн адамдар азғантай еӊбекақы алады. Ирбiр өндiрушiмен еӊбекақыны өсiру мәселесiн шешудi аудан әкiмдерiне тапсырамын", - дедi Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты облыс әкiмi ауыл шаруашылығында еӊбек өнiмдiлiгiн арттыруды, өнiмнiӊ сапасы мен құнарлылығын еселеу үшiн жердiӊ әлеуетiн барынша пайдалану, аграршыларды қамтамасыз ету мақсатында өӊiрде тұқым өндiрiсiн дамытуды тапсырды.

Мәжiлiс соӊында Құмар Ақсақалов диқандарға жақы ауа райын тiлеп, кеӊесте талқыланған барлық жағдайдарды ескеру қажеттiгiн атап айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны