18.04.2017, 20:17 5013

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өӊірдіӊ қайта өӊдеушілерін жаӊа шетелдік нарықтарға шығуға шақырды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар және Тимирязев аудандарында болды.

Петропавловск. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар және Тимирязев аудандарында болды. Бескөл ауылында өӊiр басшысы "Радуга" ЖШС-нiӊ өндiрiс орнымен танысты. Серiктестiктiӊ iрi филиал желiсi, өзiндiк инфрақұрылымы бар, онда металдан, пластикадан 200-дей халық тұтынатын тауарлар, сол сияқты азық-түлiк тағамдары шығарылады.

Құмар Ақсақаловқа кәсiпорынныӊ өндiрiстiк ғимараттары көрсетiлдi. ЖШС-нiӊ бас директоры Дмитрий Шарапаевтыӊ айтуына қарағанда, компания өз өнiмдерiн Қазақстанға ғана емес, Ресейдiӊ Омбы, Челябi және Қорған облыстарына экспорттайды. Бескөл ауылындағы өндiрiс алаӊдарында пакеттер, пластикалық бұйымдар, қалдықтардан пластика түйiршiктерiн, металдан бұйымдар шығаруға арналған цехтар орналасқан.

"Құбыр өндiрiсiн бастағымыз келедi. Қазiр оны Ресейден сатып алып жатырмыз, бiр айдан кейiн өзiмiзде шығаратын боламыз. Сонда бiз өнiмдерiмiздiӊ 90 пайызы қазақстандық болды деп айта аламыз",- дедi Дмитрий Анатольевич.

Кәсiпорын басшысы мемлекеттiӊ қолдауы арқасында өндiрiстi кеӊейтiп жатқанын да алға тартты. Өткен жылдыӊ сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда компанияныӊ өнiмдiлiгi 100 пайызға артқан. Қазiр мұнда пластика мен металдан 200-дей өнiм шығарылады.

"Кәсiпорын ұқсату бойынша бизнеске қолдау ретiнде мемлекеттен көмек алып, оны мемлекетке салық түрiнде бiрнеше еселеп қайтарды. Бұл өте жақсы әдiс. Президенттiӊ тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнестi дамытуды 50 пайызға жеткiзуiмiз керек. Қазiр облыс бойынша 23 пайыз бұл өте аз.Бiз ұқсатумен айналысатындарға шағын және орта бизнестiӊ үлесi көп болуы үшiн барынша көмектесемiз. Ол бiздiӊ мiндетiмiз",- дедi өӊiр басшысы.

Содан кейiн Құмар Ақсақалов жергiлiктi тауар өндiрушiлердiӊ өнiмдерiмен танысты. "Dostare New" ЖШС облыс әкiмiне қазақстандық бетонараластырғыш, әрлеу станциясы, жылу желдеткiш, жұк көтеру құрал-жабдықтары сияқты өнiмдерiн көрсеттi.

"Бiзде жақсы дизайнерлерiмiз және бiрнеше пешiмiз бар. Көбiне Астанаға жұмыс iстеймiз, сол сияқты Петропавлдыӊ iрi кәсiпорындары тапсырыс бередi. Ресеймен де ынтымақтастық орнатамыз", дедi компания директоры Оразбек Ақтаев.

"Ахмутдинов" ЖК өкiлдерi өӊiр басшысына ағаш жаӊқаларынан әзiрленген биоотындарды көрсеттi. "Бескөл құс фабрикасы" "Алекри" және "Алтай СК" құс фабрикалары өнiмдерiнiӊ көрмесi де ұсынылды. Қызылжар ауданында консервiлер де, жартылай фабрикаттар мен жануарларға арналған жемазық та, сүт өнiмдерi де шығарылады. Мысалы, "Молсервис" ЖШС күнiне 17 тонна сүт өӊдейдi. Оныӊ өндiрiс үрдiсiмен облыс әкiмi жеке танысты.

"Кәсiпорын өӊiрiмiздiӊ 4 ауданынан және Ақмола облысынан әкелiнетiн шикiзатпен жұмыс iстейдi. Ешқандай май пайдаланбаймыз, пальма майын мүлдем көрген емеспiз. Биыл бiрiншi тоқсанда жақсы жұмыс iстедiк. Шикiзатты 50 пайызға көбейтiп, соған орай өндiрiс көлемiн де арттырдық.Шикiзат жеткiлiктi, жаз айларында артылып та қаоады. Өткiзуден қиындық жоқ", дедi ЖШС директоры Сергей Чепурко.

"Осындай цехтар көп болуға тиiстi, өнделуi де көп. Бiз мал шаруашылығымен айналысып, оған қолдау көрсетемiз. Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ осындай жерлерiнде дәстүрлi кәсiптi дамыту керек. Астық, нан, ет, сүт барынша дамытатын бiздiӊ басты құндылықтарымыз",- деп атап айтты Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапары аграршылармен кездесу арқылы жалғасты. Бүгiнгi күнi ауданда 1 КС, 60 ЖШС, 247 ШҚ мен ФШ жұмыс iстейдi. Қазiр көктемгi-дала жұмыстарына қызу әзiрлiк жүргiзiлiп жатыр. Өӊiр басшысы астықтыӊ сапасы жердi дұрыс өӊдеуге байланысты екендiгiн тағы да еске салды. Құмар Ақсақалов шаруашылық қызметкерлерiнiӊ еӊбекақысын көбейту мiндетiн қойды.

Сапар соӊында өӊiр басшысы ауданныӊ ардагерлерiмен кездестi.

Содан кейiн өӊiр басшысы Тимирязев ауданында "КЭСС" ЖШС-нiӊ кәсiпорнымен танысты. Компания ұн үгумен және кебек шығарумен айналысады. Серiктестiк директоры Иса Аллахяровтыӊ сөзiне қарағанда, өткен жылы 46 мыӊ тонна ұн үгiлген.

"1-сұрыпты ұнымыздыӊ сапасы өте жоғары, оны "Халал" деп атауға әбден болады. Өйткенi оған ешқандай қоспа қосылмайды. Ешқандай ұнтақ та қоспаймыз. Сұраным көп",- дейдi Иса Аллахяров.

Фирма өнiмi экспортқа бағдарланған. Олар өз өнiмiн Ауғанстанға, Монғолияға, Тәжiкстен мен Өзбекстанға жөнелтедi. Соӊғы кезде Тәжiкстен мен Өзбекстан нарығын жоғалтып алыпты. Оған сол елдердiӊ өз өндiрiсiн iске қосуы себеп болған, ендi олар астық сатып алуға ғана мүдделi. Облыс әкiмi басқа нарықтарды iздестiрудi ұсынды.

"Бiзде Иран, Қытай нарығы бар. Қалай болғанда да, ұқсату жолымен жүру керек. Бүкiл әлемде ұқсатылған өнiм қымбат тұрады. Мемлекет ұқсатушыларға әрдайым көмектесетiн болады. Жақсы бизнес өкiлi күте тұрып, аз-мұз шығындарды азайтады, сасын жаӊа нарық тауып, сата бастайды. Барлық экспорттаушылар ҚҚС-ны қайтарады, яғни ҚҚС-мен өз өнiмiн шетелге сату тиiмдi. Сөйтiп олар ҚҚС-нi қайтарып алады, сөйтiп баға өседi. Бұл-тиiмдi",- дедi Құмар Ақсақалов.

Тимирязев ауданыныӊ әкiмi Еркiн Базарханов өӊiр басшысын әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайымен таныстырды.

"Биылғы минералдық тыӊайтқыштар жоспары 5982 тонна. Қазiр 6882 тоннаға келiсiм жасалды. Алдағы науқанда 196 мыӊ гектарға дәндi, 39 мыӊ гектарға майлы (өсiм 47 пайыз), 28 мыӊ гектарға жемазықтық дақылдар себудi жоспарлап отырмыз",- дедi аудан басшысы.

Сапар барысында облыс әкiмi Тимирязев ауданыныӊ қайта өӊдеу кәсiпорындарыныӊ басшыларымен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен және ардагерлермен кездестi. Кездесу кезiнде ауданныӊ, сол сияқты облыстыӊ даму барысы жайлы сөз қозғалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны