18.05.2017, 14:49 2853

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тереӊдетiп өӊдеу мен өӊiрдiӊ экспорттық әлеуетiн дамытуды тапсырды

Аққайыӊ ауданына жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан олысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов "И.Зенченко" ЖШС-нiӊ алқабында себу науқаныныӊ барысымен танысты.

Петропавловск. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Аққайыӊ ауданына жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан олысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов "И.Зенченко" ЖШС-нiӊ алқабында себу науқаныныӊ барысымен танысты. Серiктестiктiӊ директоры Геннадий Зенченконыӊ сөзiне қарағанда, алқаптардағы барлық жұмысты қолайлы агротехникалық мерзiмде аяқтауды жоспарлап отыр.

"Барлық техника сақадай сай, тыӊайтқыштар келiп жатыр. Сондықтан үлгеремiз деп ойлаймын. Бүгiн рапс сеуiп жатырмыз, тыӊайтқыш та бiрге сiӊiрiлуде. Осы округ бойынша 4,5 гектарға майлы дақылдар, 12 мыӊға бидай, 2 мыӊ гектарға арпа егемiз. Ауа райы ғана алаӊдатады, батпақты жер аз. Бидайдыӊ,рапстыӊ, жүгерiнiӊ элиталық тұқымдары бар. Науқанға қатысушылар түстiк тамақпен және қажеттiлердiӊ барлығымен қамтамасыз етiлген",-дейдi Геннадий Зенченко.

Осы жерде өӊiр басшысы агроқұрылымдардыӊ басшыларымен кездестi. Биыл Аққсайыӊ ауданы 211 мыӊ гектар алқапқа дән сiӊiргелi отыр. Облыс бойынша бұл көрсеткiш 4 млн. 222 мыӊ гектарды құрайды. Осы жағдайда егiстiк алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыс атқарылды. Майлы дақылдар алқабы 712 мыӊ гектарға дейiн көбейдi. Ауданда дәндiбұршақты дақылдар алқабы да артты.

"Дәндiбұршақты дақылдар үлесiнiӊ артқаны көӊiл көншiтерлiк жағдай. Иртараптандыру-оӊтайлы iс. Ол тұтастай алғанда егiс алқаптарыныӊ құрылымына жақсы әсер етедi. Мамыр айыныӊ бiрiншi онкүнiндегi жақсы ауа райыныӊ сомасы, аз-мұз салқындықты есепке алмағанда, көп жылғы орташа көрсеткiштен асып түстi. Жалпы дала жұмыстарыныӊ барлық кешенi жоспар бойынша жүруде",-дедi "Солтүстiк Қазақстан тәжiрибе станциясы" ЖШС-нiӊ директоры Белгiбай Қанафин.

Құмар Ақсақалов бүгiнгi күнi облыс үшiн ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өзектi мәселе болып тұрғанын атап айтты. Сондықтан осы саланы дамыту керек. Солтүстiк Қазақстанда техниканы ғана емес, әртүрлi бөлшектер де шығаруға болады.

"Бiз өзiмiздегi кәсiпорындардыӊ әлеуеттiк мүмкiндiгiн көрсету үшiн Министрлiкпен жұмыс iстеп жатырмыз. Арнайы алып келiп, көрсеттiк. Бiзде бiрегей құрал-жабдықтар, станоктар бар. Бiз барлығын шығара аламыз",-дедi облыс әкiмi.

Иӊгiме барысында облыс әкiмi майлы дақылдардыӊ сату бағасы бiрнеше есе көп екендiгiне аграршылардыӊ назарын аударды. Соған сәйкес әртараптандыру маусым соӊында кiрiстердi ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

"Бiз әртараптандырумен айналысудамыз. Бiр жылда майлы дақылдар алқабын 30 пайызға көбейте отырып, оны 712 мыӊ гектарға жеткiздiк. Алдағы жылы да көбейте түсудi жоспарлап отырмыз. Парды да көбейтiп жатырмыз. Басты мiндет-бiзде өсiрiлгеннiӊ барлығын ұқсатып, экспортқа шығару. Сөйтiп облыстыӊ экспорттық әлеуетiн артыру үшiн жұмыс iстеу. Соған байланысты жылдыӊ соӊына дейiн бидайды тереӊдетiп өӊдейтiн "Биохим" зауыты iске қосылатын болады. Ол крахмал мен глютен өндiредi. Техникамен қамтамасыз етiлгенбiз, мемлекеттен арзандатылған дизел отынын толығымен алдық. Егiс алқабыныӊ 70 пайыздайы заманауи техникалармен себiледi",-дедi өӊiр басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны