14.04.2017, 23:31 5842

СҚО әкiмi М. Жұмабаев ауданына жұмыс сапары кезiнде құрамажем зауыты құрылысыныӊ қажеттiгiн атап өтті

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен М.Жұмабаев ауданына барды. Өӊiр басшысы еӊ алдымен Бәйтерек ауылындағы "НұрСенАгро" ЖШС-нiӊ асыл тұқымды репродуктор шаруашылығымен танысты.

Петропавловск. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен М.Жұмабаев ауданына барды. Өӊiр басшысы еӊ алдымен Бәйтерек ауылындағы "НұрСенАгро" ЖШС-нiӊ асыл тұқымды репродуктор шаруашылығымен танысты.

Аталмыш кәсiпорын малдыӊ далалық қызыл түрi мен немiстiӊ симментал тұқымын өсiредi. Қазiр онда 1 мыӊнан астам iрi қара күтiп-бапталуда. ЖШС директоры Қанат Сыздықовтыӊ айтуынша 2011 жылы Германиядан 430 симментал тұқымы әкелiнген көрiнедi.

"Жыл сайын қосалқы шаруашылықтарға, басқа ШҚ мен ЖШС-ларға жас тайыншалар сатамыз. Бiз сүттi бағытты ұстанып отырмыз. Өнiмiмiздi Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ сүт өӊдейтiн зауыттарына тапсырамыз, атап айтқанда "МаслоДел" ЖШС-ға. Бiр күндiк сүтiмiз 5,5-6 тоннаны құрайды. Сауын сиырларымыздыӊ саны-460. Мал фермасында 50 адам еӊбек етедi, олар -мамандар мен жұмысшылар",-дейдi Қанат сыздықов.

Биыл кәсiпорын басшылары қажеттi құрал-жабдықтарымен және заманауи сүт кешенiмен 400 басқа арналған қосымша байлаусыз ұстайтын мал қорасын салуды жоспарлап отыр.

Иӊгiмелесу кезiнде өӊiр басшысы құрамажем зауытын салу қажеттiгiн алға тартты.

"Мал шаруашылығымен айналысқаннан кейiн, бiзге бүкiл облысымызға жұмыс iстейтiн құрамажем зауыты керек. Ол зауыттыӊ қалыптасуына көмек көрсеткен болар едiк. Өйткенi ол маӊызды. Осы резервтi пайдалануымыз қажет. Қаражат салатын инвестор болса, бiз тетiктерi бойынша көмек көрсетемiз",-дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi ет өнiмiнiӊ экспорттық әлеуетiн көтеру қажеттiгiн де атап айтты.

"Өткен жылы 755 тонна ет экспорттадық. Бiздiӊ мүмкiндiгiмiз одан да көп. Бiздiӊ басты саламыз-ауыл шаруашылығы. Өнiм экспортқа бағдарланған болуы керек. Изiрше бiз өз резервiмiздi толық пайдаланып отырған жоқпыз. Бiз экспортталатын. өӊделетiн сүт алуға тиiстiмiз. Бiз сондай фермалар салуымыз керек, кәсiпкерлердi қызықтыру қажет. Мемлекеттiӊ барлық тетiктерiн пайдалана отырып, жұмыс орындарын ашу керек және экспортпен айналысу қажет",-дедi өӊiр басшысы.

Облыс әкiмi соққан келесi нысан-кәсiби дайындық және сервис колледжi болды. Онда электргазбен дәнекерлеушi, аспаз, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiӊ трақторшы-машинисi, тiiгiншi мамандықтары бойынша оқытады. Құмар Ақсақалов студенттермен кездесiп, мықты мамандар әзiрлеудiӊ қажеттiлiгiн сөз еттi.

"Қазiргi кезде жақсы мамандар табудыӊ өзi оӊай емес. Кейде университет дипломынан жұмысшы мамандығыныӊ иелену жақсы екенiн байқап жүрмiз. Университет дипломы ештеӊенi де шешпейдi. Жақсы жұмысшы мамандығы маӊыздырақ. Бiздiӊ өӊiрiмiз үшiн сiздердiӊ мамандықтарыӊыз қажет. Уақыттарыӊызды нәтижелi өткiзулерiӊiзге, жұмыс iстей бiлуге үйренулерiӊiзге және бiлiм алып, мүмкiндiктi жоғалтып алмауларыӊызға тiлектестiк бiлдiремiн Жыл өткен сайын техника күрделенiп келедi. Заманауи тракторларда жақсы кәсiби әзiрлiкпен жұмыс iстеу керек. Ол сiздердiӊ болашақтарыӊыз. Жақсы жұмысшы алтынға пара-пар. Соны сiздер түсiнулерiӊiз керек",-дедi өӊiр басшысы.

Облыс әкiмiне автомобиль мен арнайы техникаларды жүргiзу бойынша оқу симуляторында студенттердi оқыту үрдiсiн көрсеттi.

"Осы техниканы өзiмiздiӊ зауыттарда да жасауға болады. Онда күрделi ештеӊе де жоқ. Оныӊ үстiне бiздiӊ колледждерге осындай құрал-жабдықтар қажет екен. Кәсiпорындармен сөйлесу керек"- деп тапсырма бердi Құмар Ақсақалов.

Студенттермен әӊгiмелесу кезiнде облыс әкiмi дуалды оқытудыӊ қажеттiгiн атап айтты. Облыста 25 колледж бар, оныӊ 19-ы осы әдiспен жұмыс iстейдi. Құмар Iргебайұлы барлық колледждердi дуалды оқытумен қамтамасыз ету жалғасатындығын тiлге тиек еттi.

Одан кейiн өӊiр басшысы студенттердiӊ жатақханада тұру жағдайларымен танысты. Ол жатын бөлмелердi аралап, оқу орныныӊ басшыларымен және тәрбиешiлермен әӊгiмелестi. Балаларды қоғамдық-пайдалы еӊбекке, спортпен және шығармашылықпен айналысуға тарту мәселесiне көӊiл аударды. Ол өскелеӊ ұрпақтыӊ жан-жақты дамуына жағдай жасайтын болады.

Жұмыс сапары кезiнде облыс әкiмi ауданныӊ су тасқынына әзiрлiгiмен танысты. Биыл мамандар мен жергiлiктi атқарушы органдар квадрокоптердiӊ көмегiмен қосымша бақылайды. Өӊiр басшысына Булаев қаласы орталығындағы көлдiӊ жағдайын көрсеттi. Одан күн сайын 6 мыӊ текше метр су ағызылады. Сол арқылы су деӊгейi 40 сантиметрге азайған. Сонымен бiрге көлдiӊ шығыс және оӊтүстiк жағына тереӊдету жүргiзiлген. Мамандардыӊ айтуынша, қазiр тұрақты жағдай қалыптасқан.

"Аби-Жер" ЖШС-нiӊ директоры Игорь Гришанов өӊiр басшысына биомассамен жұмыс iстейтiн қазандықтыӊ құрылысын көрсеттi.

"2016 жылы еуропалвқ құрал-жабдықтармен 2 қазандық орнаттық. Бiрiншiден, жергiлiктi шикiзат-сабан мен ағаш жаӊқаларын пайдаланамыз. Қаржы ауданда қалады. Екiншiсi-температуралық режим. Тұрақты температура. Одан басқа онда автоматикалық жүйе, қаражат жағынан да үнем",-дедi Игорь Гришанов.

Компания тағы осындай 4 қазандық орнатуды жоспарлап отыр. Өӊiр басшысы аталмыш жобаларды мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастыруды ұсынды. Ол үшiн экономикалық есеп жүргiзу қажет.

"Соныӊ бәрi сәйкес нәтиже беруi керек. Нысандарды мемлекет есебiнен ұстау азаюы қажет. Олар тиiстi нәтиже беретiн болса, бiз қазандықтарымызды қайтадан жарақтандыруға көшетiн боламыз. Жоба өте жақсы, қызғылықты, бiзге сондай iс керек",-дедi Құмар Iргебайұлы.

Содан кейiн облыс әкiмi жергiлiктi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiӊ өнiмдерiмен, халықтық шеберлердiӊ жұмыстарымен танысты.

Илеуметтiк-экономикалық даму туралы айта келiп, М. Жұмабаев ауданыныӊ әкiмi Асқар Бегманов көктемгi-дала жұмыстарына әзiрлiк мәселесiне көӊiл аударды. Аудан биыл 365,7 мыӊ гектарға-дәндi, 44 мыӊ гектарға-майлы, 13,2 мыӊ гектарға-жемазықтық дақылдар себудi жоспарлап отыр. Өзектi мәселелер аграршылармен кездесу кезiнде кеӊiнен сөз болды.

"Ауыл шаруашылығы ел қозғалысыныӊ, экономиканыӊ локомотивi болуға тиiс. Демеуқаржыландыру бағдарламаларыныӊ бiрнеше мүмкiндiктерi бар. Бiз солардыӊ бәрiн пайдалана алып отырмыз ба? Сiздердiӊ әрқайсыӊызға жермен жұмыс iстеу құқығы берiлген. Сол құқықты пайдалана отырып, салық төлеу керек. Бiздiӊ еӊбекақы деӊгейiмiз, өкiнiшке орай, жеткiлiктi емес. 2016 жылы облыс бойынша орташа еӊбекақы 97 мыӊ теӊгенi құрады. Оныӊ көп бөлiгi-ауыл шаруашылығымен айналысатындар. Адамдардыӊ еӊбекақысын көтеретiн бiзде резерв бар. Сiздерден соны орындауды сұраймыз. Осы тақырыпта жұмыс iстейтiн боламыз. Жасырын резерв-еӊбек өнiмдiлiгiн арттыруда жатыр. Жермен дұрыс жұмыс iстейтiндердiӊ пайдасы да көп, жалақысы да жоғары",-дедi Құмар Iргебайұлы.

Облыс әкiмi мал шаруашылығын дамыту, осы бағытта қосалқы шаруашылықтарға көмек көрсету мәселесiн де назардан тыс қалдырған жоқ.

Сапар соӊында облыс әкiмi ауданныӊ жұртшылық өкiлдерiмен кездесiп, өзектi мәселелердi сөз еттi.

Кездесу кезiнде облыстыӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан үлесi және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшiн Авангард ауылдық округiне қарасты ардагерлер кеӊесiнiӊ төрағасы Марат Шәрiповке Алғыс хат табыс еттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны