30.04.2008, 16:52 6584

СҚО жаппай егін егу жұмыстары 15 мамырда басталады-облыс әкімдігі

СҚО жаппай егін егу жұмыстары 15 мамырда басталады-облыс әкімдігі

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында жаппай егін егу жұмыстары 15 мамырда басталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгінгі ауа райы ескеріле отырып және ғалымдар кеңесінің ұсынысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жаппай егіс науқаны 15 мамырдан басталып 28 -мамырға дейін жалғасады.

Икімнің баспасөз қызметі хабарлағанындай, 28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біляловтың жетекшілігімен алқа жиналысы өткізіліп, онда көктемгі егіндік жұмыстарының дайындығына арналған мәселелер талқыланды.

Жиналыста сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Самат Ескендіровтың айтуынша, облыс бойынша 530 мың тонна тұқым дайындалып, оның 90% 1 және 2 кластағы тұқымды құрайды және олар тиісті тексерулерден өткізілді. Биылғы көктемде бидай алқаптарын 3 млн 700 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Агроқұрылымдардың егіндіктерінде Канада, АҚШ, Франция, Германия және Россейде шығарылған 670 заманауи жоғары өндірістік техникасы жұмыс істейтін болады. Ал жанар-жағар май қоры 60 мың тоннаға дейін жеткізілді.

Сонымен қатар, жиналыста облысты аймақта шығарылатын көкөністермен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылды. Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің бастығы Серік Тәшеновтың сөздері бойынша, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биылғы жылы облыс бойынша картоп және басқа да көкөністерді егу алқаптары 20 пайызға ұлғайтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны