Система Orphus

СҚО "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында жылқы шаруашылығын дамытуға шағын несие бөлінді

28.05.2012, 09:55 3131

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - СҚО "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында жылқы шаруашылығын дамытуға шағын несие бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Баршагүл Жұмабаева жылқы басын көбейтуге "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша несие алды.

"2011 жылы қыркүйек айында Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен кәсіпкерлік негіздерін үйрететін курста оқып, бухгалтерия, бизнес-жоспарлау, кәсіпкерлік құқық пен маркетинг саласында білімімді жетілдірдім. 2011 жылдың қарашасында "Жылқы шаруашылығын дамыту және қымыз өндіру" бойынша бизнес-ұсынысымды қорғап, оң баға алдым",-дейді ауыл кәсіпкері.

Баршагүл осы жобаны іске асыруға 2,5 млн теңге алған. Қазір ол жылқы басын көбейтіпті, енді ол өзінің емдік қасиетімен және балдай дәмімен халық арасында сұранысқа ие қымыз өндіретін болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратын бойынша, 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысуға аймақтық өкілетті органға 26,4 мың адам өтініш білдіріп, оның ішінде 19,7 мың адам әлеуметтік келісімшартқа отырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны