31.05.2017, 13:07 6366

СҚО-да 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi желiсi бойынша 1000 пәтер пайдалануға берiледi

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде өӊiр басшысы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ басқармасыныӊ төрайымын қабылдады.

Петропавловск. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде өӊiр басшысы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ басқармасыныӊ төрайымын қабылдады. Аталмыш шараға қаржылық институт пен құрылыс компанияларыныӊ өкiлдерi қатысты. Қонақтарды қарсы алған Құмар Ақсақалов Ләззат Ибрагимоваға ризашылығын бiлдiре келiп, тұрғын үй құрылыс жинағы баспана мәселесiн шешуде қолайлы форма екендiгiн атап айтты.

"Өткен жылы қаржыландырудыӊ барлық көздерi есебiнен 154 мыӊ шаршы метрдей тұрғын үй салдық. Биыл оны 200 мыӊ шаршы метрге жеткiзудi жоспарлап отырмыз. Ирине, оныӊ көп бөлiгi Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi есебiнен салынады. "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша "Солнечный" кентiнiӊ инфрақұрылымына 1,3 млрд. теӊге аламыз. Ол да бiрегей жоба болады", - дедi өӊiр басшысы.

Петропавл қаласыныӊ әкiмi Марат Тасмағанбетов тұрғын үй салу жоспары туралы толығырақ айтып бердi. Оныӊ ақпаратына қарағанда, 2015-2017 жылдары барлығы 955 отбасы мен жалғызiлiктi адамдар тұрғын үй алды, оныӊ 631-i - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi арқылы.

"Үстiмiздегi жылы "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында жалпы алаӊы 83,3 мыӊ шаршы болатын 1003 пәтерлiк 11 үй салынып жатыр, оныӊ 7-уi - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi желiсi бойынша . "Солнечный" шағынауданында жеке тұрғын үй құрылысына 2094 жер телiмi берiлдi. Жер телiмiн алуға 8200 адам кезекте тұр, 500 учаске қазiрдiӊ өзiнде уақытша пайдалануға берiлдi. Жобалық-сметалық құжат әзiрленiп, сараптамадан өтуде. Үйлер бiрыӊғай сәулеткерлiк стильде салынады", - дедi Марат Тасмағанбетов.

Өз кезегiнде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ басқармасыныӊ төрайымы Ләззат Ибрагимова Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша орташа салым деӊгейi 400 мыӊ теӊгенi құрайтындығын, барлық салымшылардыӊ салған жалпы сомасы 12 млрд. теӊге екенiн алға тартты

"Сiздердiӊ өӊiрлерiӊiзде тұрғын үй құныныӊ 50 пайызын жинаған 2,5 мыӊ салымшы бар, олар 5 пайыздық үстемемен баспана ала алады. Сiздерде салым ашып, осы жүйеге сенiм бiлдiрген салымшылар саны 26 мыӊ адамды құрайды. Салымшылардыӊ әрбiр оныншысы ғана заемшы болды", - дедi Ләззат Ибрагимова.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ басқармасыныӊ төрайымы тұрғын үй қатынастары туралы жаӊа заӊнаманы енгiзу үшiн жұмыс жүргiзiлiп жатқандығын айтты. Өзгерiс әскери қызметкерлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету жайлы болмақ. 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ипотеканы жабу үшiн Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiӊ тұрғын үй төлемдерiн және жинақтарын пайдалануға рұқсат беру ұсынылмақ.

"2012 жылдан бастап жалпылай алғанда 1 мыӊдай пәтер пайдалануға берiлдi. Биыл Солтүстiк Қазақстан облысында бұрын-соӊды болмаған рекорд жасағалы отырмыз. Биыл 1 мыӊ пәтердi пайдалануға бермекпiз, олар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" салымшылары арасында бөлiнетiн болады", - дедi Ләззат Ибрагимова

Кездесу соӊында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ арасында "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында iзгi ниет туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны