06.05.2014, 23:07 12404

СҚО-да керамикалық кірпіш өндіретін зауыт ашылады

Жобаның құны 328 млн теңгені құрады, 80 млн теңге өзіндік қаражат болса, 23 млн теңге қарызға алынған қаржы. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша, 14,5 млн теңге бөлінді.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Аймақ басшысы Самат Ескендіров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірігіп "Алаугаз ҚК" ЖШС тыныс-тіршілігімен танысты.

Зауыт 1-ші шілдеден бастап жұмысын бастайды, қазір аталмыш кәсіпкерліктің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Жобаның құны 328 млн теңгені құрады, 80 млн теңге өзіндік қаражат болса, 23 млн теңге қарызға алынған қаржы. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша, 14,5 млн теңге бөлінді.

Айта кетерлігі, аталмыш жоба бойынша 60 адам жұмыспен қамтылады, олардың 20-сы жұмыс істеуде. Мекеме жыл сайын 3,6 млн бірлік керамикалық кірпіш өндіруді жоспарлауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны