23.08.2017, 19:35 4458

СҚО-да майлы дақылдарды өӊдейтiн Қазақстандағы еӊ iрi зауытта май тазартатын цех iске қосылды

Зауыт бiр күнде 1000 тонна өнiмдi ұқсатады. Онда 70 адам жұмыспен қамтамасыз етiлген. Жаӊа цехтыӊ қуаттылығы тәлiгiне 400 тонна тазартылған өсiмдiк майын шығару.

Петропавловск. 23 тамыз. Kazakhstan Today - СҚО-ныӊ Тайынша ауданында дәстүрлi Алқап күнi өттi. Шара аясында Ильичевка ауылындағы "Тайынша-Май" зауытында май тазартатын цех iске қосылды. Оныӊ салтанатты ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен компания директоры Фан Лунг Фэй қатысты.

"Бүгiн май тазартатын цех iске қосылды. Ирi қарай жұмыс iстеп, толық қуатына шығуға тырысамыз. Шикiзат өндiрушiлермен, кооперативтермен келiсiмге қол қойып, экспортқа жұмыс iстейтiн боламыз, сөйтiп мемлекетке де, кәсiпорынға да валюталық түсiм түсетiндей қылып, бiздiӊ қатынастарымыздыӊ дамуына үлес қосамыз. Бүгiнгi күнi бұл - өнiмнiӊ осы түрi бойынша өндiрiстiӊ негiзгi бөлiгi. Иртүрлi саладағы басқа инвесторларды қосымша тарту арқылы кеспе, ет-сүт өнiмдерiн өӊдеудi жолға қойғымыз келедi. Сосын оларды да экспорттауға болады", - дедi "Тайынша-Май" ЖШС-нiӊ директоры Сәкен Мұхамадиев.

Сәкен Мұхамадиевтiӊ сөзiне қарағанда, тазарту цехы химиялық емес, өнiм барлық қасиетiн сақтайды. Ол ҚХР-ға экспортталатын өнiмнiӊ эколгиялық жағынан таза болуын қамтамасыз етедi. Кәсiпорындағы өндiрiс iс жүзiнде автоматтандырылған. Зауыт бiр күнде 1000 тонна өнiмдi ұқсатады. Онда 70 адам жұмыспен қамтамасыз етiлген. Жаӊа цехтыӊ қуаттылығы тәлiгiне 400 тонна тазартылған өсiмдiк майын шығару.

Майлы дақылдардыӊ рентабельдiлiгiн көтеру үшiн, дәйектi жұмыс қажет. Бүгiнгi күнi ол Қазақстандағы шикiзат өӊдейтiн және май тазартатын еӊ iрi зауыт болып табылады", - дедi тұсаукесер рәсiмiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны