23.08.2017, 18:31 4380

СҚО-да орақ науқаны басталды

Солтүстiк Қазақстан облысында "2017 жылдыӊ орақ науқанын ұйымшылдықпен өткiзу туралы" облыстық семинар-кеӊес өттi. Оған өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Петропавловск. 23 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысында "2017 жылдыӊ орақ науқанын ұйымшылдықпен өткiзу туралы" облыстық семинар-кеӊес өттi. Оған өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Биыл Тайынша ауданында өткен алқап күнi дәстүр бойынша орақ науқаны басталар сәтте ұйымдастырылды. Өӊiр басшысы шара аясында "Агрофирма Эксимнан" ЖШС-нiӊ алқаптарындағы егiннiӊ жағдайымен танысты. Агроқұрылымныӊ басшысы Төлеген Қонысбаев жұмыстыӊ барысы туралы айтып бердi.

"Бiз жаппай орақ науқанына кiрiстiк, жасымықтыӊ - 65%, арпаныӊ - 30%-н жинадық. Бидайдыӊ 2000 гектардайын дестеге түсiрдiк. Қарқынды тездету үшiн астықты жығып жатырмыз. Бидай таза, ол негiзiнен тура жинауға да келедi. Оныӊ ылғалдылығы 30%-дан артық болған соӊ, дестеге түсiрiп жатырмыз", - дедi Төлеген Қонысбаев.

Серiктестiк басшысы жергiлiктi кәсiпорында шығарылған "SAMPO Asia" комбайнымен екiншi жыл астық жинап жатқанын да тiлге тиек еттi. Ол бұл комбайнныӊ жаткасы әбебап екенiн, жасымықты жинауға кез келгенi жарамайтындығын атап айтты. Комбайнныӊ тағы бiр артықшылығы - ол ылғалды астықты да жинай бередi.

Одан кейiн көрмеде облыс әкiмi Құмар Ақсақаловты "Қазтехмаш", "Avagro", "Петропавл трактор зауыты БК" ЖШС-ларыныӊ заманауи жоғары өнiмдi ауыл шаруашылығы техникаларымен таныстырды.

"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер биыл орақ науқанында шығарушылар ұсынған бiздiӊ барлық параметрiмiздi тексеруi керек. Iс жүзiнде дизель отынын үнемдей ме, сапасы мен өнiмдiлiгi қандай? Өндiрушiлер айтқандай, өнiм жарнамаға сәйкес келетiн болса, бұл комбайнды барынша ұсынатын боламыз. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер аз ақшаға сапалы тауар және оған қосымша сервистiк қызмет алғаны керек", - дедi өӊiр басшысы.

Осы жерде облыс әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров агроөнеркәсiп кешенiнiӊ дамуы туралы айтып бердi

"Ауыл шаруашылығына 32 млрд. теӊге инвестиция тартылды, ол өткен жылғыдан 23%-ға көп. Мемлекеттiӊ қолдауы 44 млрд. теӊге болды. Бүгiн бiз соныӊ 66%-н игердiк. Азық-түлiк тағамдарыныӊ өндiрiсi - 50 млрд. теӊге, ол өткен жылғы сәйкес мерзiмнан 11%-ға көп", - дедi Айдарбек Сейпiлұлы.

АӨК-дегi баламалы энергияны дамытудыӊ әлеуетi туралы облыс әкiмiнiӊ орынбасары Антон Федяев айтты. Оныӊ айтуынша, бу қазандықтарына көмiрдiӊ орнына сабан қолданылады. Осы отынды қолдану қоршаған ортаға зиянды қалдықтар таратуды барынша азайтады.

"Петропавл ЖЭО-2-нi есепке алмасақ, облыс тұрғындары бiр жылда 410 мыӊ тонна, бюджет мекемелерi - 173 мыӊ, заӊды тұлғалар - 153 мыӊ, орталық қазандықтар - 47 мыӊ тонна көмiр тұтынады. Барлығы жылына 780 мыӊ тонна көмiр керек. Оны ауыстыруға 940 мыӊ тонна сабан жетедi. Ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мәлiметi бойынша облыста 4 млн. тоннадан астам сабан қордаланады. Оныӊ бiр бөлiгi алқаптарда үгiтiлiп, жердi құнарландыруға, бiр бөлiгi мал шаруашылығына пайдаланылады, ал 40 пайызын күз бен көктемде өртемей, отын ретiнде пайдалануға болады", - дедi Антон Владимирович.

"Бұл Биомассаныӊ энергия көзi ретiнде пайдаланылатын ЭКСПО-ныӊ нәтижесi, ал сабан дәстүрлi энергия көздерiнiӊ баламасы, сондықтан осымен айналысуымыз керек. Бiз 2 жылдыӊ iшiнде 500 млн. теӊгедей бюджет қаражатын үнемдеген болар едiк. Ол көп қаражат. Бiз осымен айналысамыз. Майлы дақылдар, зығыр, рапс егемiз. Олардыӊ қалдығы еш жерде пайдаланылмай келдi, ендi оны отын ретiнде қолдану керек. Ол көп үнем, қалдықсыз өндiрiс", - дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Осы күнi Ильичевка ауылындағы "Тайынша-Май" ЖШС-да майды тазартатын жаӊа цех iске қосылды.

Одан кейiн, облыстық семинар-кеӊес аясында облыс әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров 2017 жылдыӊ орақ науқанын ұйымшылдықпен өткiзу туралы айтып бердi.

"Жедел мәлiмет бойынша 23 тамызға дейiн 400 мыӊ гектар алқаптыӊ дәндi дақылдары дестеге түсiрiлдi немесе 14%, оныӊ 220 мыӊ гектары бастырылды немесе 7,4%-ы. Жиналған астық 310 мыӊ тонна, әр гектардан 14,1 центнерден өнiм алынуда. Осы уақытта 63 мыӊ гектардыӊ майлы дақылдары шабылды немесе 9%, 5,4 мыӊ гектары бастырылды немесе 0,8%. Жиналғаны 4,3 мыӊ тонна, гектар берекелiлiгi - 8 центнер", - дедi Айдарбек Сапаров.

Мал шаруашылығы саласында жыл басынан берi өнiм өндiрiсiнiӊ көлемi 2-ден 12 пайызға, мал саны 7 пайызға өстi.

2017 жылдыӊ 7 айында 26,4 мыӊ тонна ет өндiрiлiп, 5,2 мыӊ тоннасы ұқсатуға жiберiлдi немесе 20%-ы. 322,7 мыӊ тонна сүт сауылып, 110 мыӊ тоннасы өӊдеуге жiберiлдi немесе 34%-ы.

2017 жылдыӊ орақ жұмыстарын жүргiзудiӊ ерекшелiгi туралы "Солтүстiк Қазақстан тәжiрибе станциясы" ЖШС директоры Белгiбай Қанафин ақпарат бердi.

"Үстiмiздегi жылғы көктемгi ылғал қоры ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ өсуiне және дамуына қолайлы жағдай жасады. Жауын-шашынныӊ орташа айлық көлемi 52 мм. болды. Ол ұсынылған себу мерзiмiнiӊ ауытқуына әсер еткен жоқ", - дедi Белгiбай Қанафин.

Солтүстiк Қазақстан ауа райын болжау орталығыныӊ директоры Қымбат Мерғалымова өӊiрде тамыздыӊ үшiншi тоқсаны мен қыркүйек айларыныӊ ауа райы болжамы туралы сөз қозғады.

Семинар-кеӊестi қорытындылай келiп, Құмар Ақсақалов майлы дақылдардыӊ алқабын көбейту, еӊбекақыны өсiру және салық төлеу, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, сол сияқты қосалқы шаруашылықтардыӊ өнiмiн өткiзу жөнiнде аудандардыӊ әкiмдерi мен агроқұрылымдардыӊ басшыларына бiрқатар тапсырма бердi.

"Бiз тұрғындар өсiрген өнiмдi кооперативтер құру арқылы өткiзуге қол жеткiзуiмiз керек. Бiздiӊ мiндетiмiз - сiздермен бiрге барлық жағдайда адамдарға көмектесу", - дедi Құмар Iргебайұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны