19.05.2017, 14:51 3066

СҚО-да Орталық Азиядағы еӊ iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

Тайынша ауданына жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Чермошнянск ауылдық округiндегi ет комбинатыныӊ өндiрiстiк ғимаратымен танысты.

Петропавловск. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Тайынша ауданына жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Чермошнянск ауылдық округiндегi ет комбинатыныӊ өндiрiстiк ғимаратымен танысты. Кәсiпорын немiс технологиясы бойынша салынған және союға дейiнгi мал ұстау базасымен, санитарлық сою алаӊымен, ет-май, тоӊазытқыш, ет өӊдейтiн, техникалық фабрикаттар және өрттеу цехтарымен жарақтанған. Өӊiр басшысы зауыттыӊ жұмысын жандандыру еттi тереӊдетiп өӊдеуге мүмкiндiк беретiндiгiн және экспортқа бағдарланған өнiм алуға жағдай жасайтындығын атап айтты. Өйткенi Орталық Азияда оған теӊ келетiн кәсiпорын жоқ.

"Ет комбинатыныӊ жобалық қуаттылығы-15 мыӊ тонна салқындатылған ет пен 9 мыӊ тонна шұжық өнiмдерi. Бұл-қомақты әлеует. Бiз өнiмдерiмiздi Ресей Федерациясына экспорттауға ниеттiмiз. Бiз өзiмiзбен шекаралас үш өӊiрдiӊ үкiметiмен бiздiӊ тауар өндiрушiлердi кiргiзу үшiн, сауда алаӊдарын iздеуге келiсетiн боламыз. Ет комбинатыныӊ процесi ұзаққа созылып кеттi. Ол iс жүзiнде салынғаннан берi жұмыс iстеген жоқ, тiптi пайдалануға берiлгендiгi жөнiнде актi де жоқ. Қазiр барлық iс тездетiлдi. Оны 1-1,5 айдан кейiн iске қосамыз. Мұнда 100 жұмыс орны ашылатын болады",-дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, өӊiр басшысы Новоивановка ауылындағы шошқа кешенiнде де болды. Ол бiрегей нысан. Оныӊ жобалық қуаттылығы 100 мыӊ бас шошқаны бордақылауға арналған, ол жылына 4 мыӊ тонна ет алуға мүмкiндiк бередi. Онда кеӊейту мәселесi де жоспарлануда. Бүгiн нысан жүктемесiз және инвестиция тартуды қажет етедi. Облыс әкiмi барлық қажеттi iстер тездетiлуi керектiгiн атап айтты. Биыл "Биохим" жұмысы жанданатындығын да атап айту керек, күзде астық сатып алу жоспарлануда. 250 мыӊ тоннадай астық тереӊдетiлiп өӊделмек, одан глютен мен крахмал алынатын болады.

Одан кейiн Құмар Ақсақалов "Вишневское" ЖШС алқабында көктемгi егiстiӊ барысымен танысты және ауданныӊ ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ басшыларымен кездестi. Өӊiр басшысы тұқым себу тереӊдiгiн байқап көрдi. Тайынша ауданы биыл 640 мыӊ гектар алқапқа тұқым сепкелi отыр. Көктемгi науқанға 91 ауыл шаруашылығы кәсiпорны, 303 шаруа қожалықтары мен фермерлiк шаруашылықтар қатысуда. Облыс әкiмi тұқым, тыӊайтқыш және жанармаймен қамтамасыз етiлу жағдайын сұрап бiлдi. Иӊгiме барысында Құмар Ақсақалов жердiӊ әлеуетiн толық пайдалану қажеттiгiне назар аударды.

"Бiздiӊ өӊiрiмiздi дамытудыӊ негiзi ауыл шаруашылығы деймiз, сондықтан барлық шығын, барлық сервис, сауда, шағын және орта бизнес,оқыту, кадрлар осы ауыл шаруашылығына қызмет етуi керек. Бiздiкiндей еӊ құнарлы жер ешкiмде де жоқ. Бiздiӊ мiндетiмiз ет, сүт, астық өндiрiп, сосын оны ұқсатуға жiберу",-дедi облыс әкiмi.

Жұмыс сапары кезiнде Құмар Ақсақалов "Тайынша-Астық" ЖШС-да болып, мал бордақылау алаӊымен, озық техникалар мұражайымен, жөндеу зауытымен, мал шаруашылығы және сүт кешенiмен танысты.

Өӊiр басшысымен әӊгiмелесу кезiнде серiктестiк директоры Анатолий Рафальский голштин-фриз тұқымды сиырдыӊ әрқайсысынан 8100 литр сүт сауылатындығын жеткiздi.

Шетел технологиясы бойынша салынған кәсiпорын 2 мыӊ басқа арналған, онда "Авторотор Глобал" карусел сүт сауу қондырғысы орнатылған. Нысан үш мал, бұзау қорасымен, сүт сауу және мал төлдету орталығымен жарақтанған, сол сияқты сорғы, механикаландырылған қи жинайтын, жемазық тарататын, суаратын және жемазық цехтары да бар.

Анатолий Рафальский өнiмдер Қазақстанныӊ басқа өӊiрлерiнде ғана емес, Ресей Федерациясында да мол сұранысқа ие екендiгiн тiлге тиек еттi.

"Бiздiӊ өнiмiмiздi тұтыну жоғары. Сондықтан мал шаруашылығын дамыту керек деймiз. Осылай ұқсатып, жақсы нәтижелермен сату керек. Сұраныс өте көп. Бос жүрген бiздiӊ адамдарымызға жұмыс-бұл. Сондықтан бiз ынталандырамыз, көмектесемiз, сұраймыз, талап етемiз",-дедi Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапарыныӊ соӊында өӊiр басшысы Ильичевка ауылындағы "Тайынша май" ЖШС- қазақстан-қытай кәсiпорнына соқты. Компания директоры Дәурен Тұрапбековтiӊ сөзiне қарағанда, жыл басынан берi 3400 тонна рапс өӊделген. Зауытта шығарылатын май ҚХР-ға экспортталуға бағдарланған, күнжара Қазақстан бойынша сатылады. Нысанда ауылдыӊ және көршi елдi мекендердiӊ 50 адамы жұмыс iстейдi.

"Өте жақсы жоба. Өзiмiздiӊ облыста өсiремiз, өзiмiзде өӊдеймiз, сосын экспортқа шығарамыз, бiз осыған келе жатырмыз. Майлы дақылдар өндiрiсiн көбейту және экспорттық әлеуеттi арттыру үшiн, тағы да кемiнде осындай екi зауыт керек",-дедi өӊiр басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны