01.07.2014, 20:56 3631

СҚО-да ҮИИД бағдарламасы бойынша 28 жоба іске асырылды

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, облыс бойынша Индустрияландыру картасына 1900 жаңа жұмыс орнын ашқан 38 млрд теңгенің 31 жобасы енгізілген. Қазіргі таңда 36 млрд теңгенің 28 жобасы іске асырылып, 1141 жұмыс орны ашылған. Шамамен 100 жоба Индустрияландыру картасына енгізілге үміткер болып отыр. Олардың жүзеге асырылуы екінші бесжылдыққа бекітілген, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысында ҮИИД бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында Индустрияландыру картасына енгізілуге үміткер жобалар қаралды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, облыс бойынша Индустрияландыру картасына 1900 жаңа жұмыс орнын ашқан 38 млрд теңгенің 31 жобасы енгізілген. Қазіргі таңда 36 млрд теңгенің 28 жобасы іске асырылып, 1141 жұмыс орны ашылған.

Шамамен 100 жоба Индустрияландыру картасына енгізілге үміткер болып отыр. Олардың жүзеге асырылуы екінші бесжылдыққа бекітілген, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Үміткерлерідң арасында "Алаугаз СК" ЖШС өкілдері бар. Олардың жоспарында керамика кірпіші өндірісі зауытын салу бар. СҚО индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Марат Искаковтың айтуынша, аталмыш жобаның жалпы құны 328 млн теңгені құрайды. Ал пайалануға еретін кезде 60 жұмыс орны ашылмақ.

Үйлестіру кеңесінің барлық мүшелері 11 инновациялық жобаны қарады. Қажетті инвестицияның жалпы көлемі 11,8 миллиард теңге. Аталмыш өндірістерді іске қосқанда 900-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны