25.08.2017, 18:40 6817

СҚО-дағы өӊiрлiк Инвесторлар кеӊесiнде 20-дан астам меморандумға қол қойылды

Петропавлда инвесторларды тартуға және өӊiрдегi инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған Өӊiрлiк кеӊестiӊ III отырысы өттi. Оған әлемнiӊ 7 елi мен Қазақстанныӊ өӊiрлерiнен 200-дей адам қатысты.

Петропавловск. 25 тамыз. Kazakhstan Today - Петропавлда инвесторларды тартуға және өӊiрдегi инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған Өӊiрлiк кеӊестiӊ III отырысы өттi. Оған әлемнiӊ 7 елi мен Қазақстанныӊ өӊiрлерiнен 200-дей адам қатысты.

Өӊiрлiк кеӊестiӊ үшiншi отырысы барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақлов соӊғы 5 жылда облыста негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiӊ тұрақты өсiмi қамтамасыз етiлгенiн атап айтты. Оныӊ iшiнде тартылған инвестициялар көлемi 1,6 есе, өнеркәсiп кәсiпорындары шығарған өнiмнiӊ көлемi 1,5 есе өстi.

"Бiз жоғары бөлiстегi дайын өнiмдердi экспорттау үшiн, өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тереӊдетiп өӊдеуге баса назар аударамыз. Елбасыныӊ белсендi жүргiзген саясатыныӊ арқасында Қазақстанда мнвестиция тарту және кәсiпкерлiк қызметпен айналысу үшiн бiрегей және барынша қолайлы жағдай жасалған", - дедi өӊiр басшысы.

Сол сияқты Құмар Ақсақалов инвестициялық демеуқаржы мен заттай гранттар беру - Солтүстiк Қазақстанда кәсiпкерлер мен инвесторларға жобаларды нәтижелi жүзеге асыруға кепiлдiк беретiндiгiн алға тартты. Инвесторлардыӊ өзектi мәселелерiн жедел шешу және өӊiрдегi инвестициялық саясатты дамытуда тәжiрибемен және пiкiрмен алмасу үшiн осындай отырыстарды тоқсан сайын өткiзу мақсат етiлуде.

Кездесуде облыс әкiмiнiӊ орынбасары Дәурен Жандарбек өӊiрдiӊ инвестициялық ахуалы туралы айтып бердi. Оныӊ айтуынша, жобаларды жүзеге асыру кезiнде 10%-ға дейiн пайыздық ставканы демеуқаржыландыру кiретiн "Бiрыӊғай бағдарлама", "Бизнестiӊ дамуын қолдау", "Жол картасы-2020", аясында бiрқатар мемлекеттiк қолдаулар белсендi қолданылады. Дәурен Жандарбек инвесторлар өӊiрде жұмыс iстеу және жобаларын жүзеге асыру үшiн, оларға облыстыӊ артықшылығы туралы да айтып бердi.

"Облыста пайдалы қазбалардыӊ 200-ден астам кен орны зерттелдi, ҚР балансындағы минералды шикiзаттардыӊ қорынан цирконий 36%-ды, уран 19%-ды, титан 5%-ды құрайды. Алтын, темiр және көмiр кен орындары бос қалып отыр. Бүгiнгi күнi австралиялық "IIuka" компаниясы әрi қарай өӊдеу мүмкiндiгiмен облыстыӊ аумағында титан-цирконий кен орындарыныӊ бар-жоғын геологиялық зерттеуге арналған жұмыс жүргiзуде", - дедi облыс әкiмiнiӊ орынбасары Дәурен Жандарбек.

Өӊiраралық және шекаралық ынтымақтастықты дамыту және өӊiрлiк инвестицияларды тарту туралы Владимир Дудов, Анатолий Башмаков, және Денис Кушнер тiлге тиек еттi.

Ирi қарай Петропавлдағы жобалары туралы "Yan De Rui Gong Mao Co Ltd" компаниясыныӊ бас директоры Baн Тианде сөз қозғады. Ол СҚО-да машина жасау кластерiн жүзеге асырмақ. Петропавл қаласыныӊ әкiмi Марат Тасмағанбетов өз кезегiнде қаланыӊ барлық әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiшiн дамыту үшiн үлкен әсер ететiндiгiн растады.

"Бүгiнгi күнi бiрлескен кәсiпорын құрылды, барлық процедуралар өткiзiлдi. Петропавл қаласында өкiлдiк ашылды. Қала әкiмдiгi жер телiмiн бөлiп бередi, алдағы уақытта ол 500 гектарға дейiн ұлғайтылады. Бүгiн қытай компаниясыныӊ өкiлдерi айтқандай, оқу орталығы құрылып, болашақта 3000-ға дейiн жұмыс орны құрылатын болады", - дедi қала әкiмi.

Кездесудiӊ соӊында жалпы сомасы 100 млрд. теӊгеден асатын 20-дан астам меморандумға қол қойылды.

Солтүстiк Қазақстан облысында инвестиция тарту жөнiндегi Өӊiрлiк кеӊес 2016 жылы қаӊтар айында құрылған болатын. Бұл - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құрған, инвестиция тартуға әсер ететiн алғашқы өӊiрлiк алаӊ. Кеӊестiӊ басты мiндетi - облыстыӊ инвестициялық ахуалын жақсарту және тиiмдi, сенiмдi және ұзақмерзiмдi инвестициялық байланыстарды орнату, сол сияқты өӊiрде инвестициялық жобаларды жүзеге асырудыӊ өзектi мәселелерiн шешу.

Кеӊес алаӊдары инвесторлар мен кәсiпкерлерге қызық ұсыныстарды мұқият зерттеуге және бiр-бiрiнiӊ мүмкiндiгiн бағалауға көмектеседi, сол сияқты өнеркәсiптiӊ кенлешегi бар салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн қосымша серпiлiс бередi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны