27.09.2022, 14:51 14486

Смайылов тұрғын үй нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауды тапсырды

Көрші елдерден келген мигранттар бізбен тек бекітілген заңнама аясында ғана жұмыс істей алады.
АСТАНА. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов көші-қон мәселелеріне қатысты қоғамда түсініспеушілік орын алғанын мәлім етті.
 

Осыған орай, шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетілетінін баса айтамын. Біз халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, еліміздің, халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін әрқашан есте сақтаймыз. Кеше Үкімет отырысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – осы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік", – деді Әлихан Смайылов.

 
Сондай-ақ Үкімет басшысы жалға берілетін тұрғын үй бағасының өсуіне байланысты азаматтарымыз қиын жағдайларға тап болғанын да атап өтті.
 

Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет. Біз үшін бірінші кезекте қазақстандықтардың мүддесі, оларды жұмыспен қамтамасыз ету маңызды. Мұны барлық кәсіпорындар мен ұйымдар ескеруі керек. Көрші елдерден келген мигранттар бізбен тек бекітілген заңнама аясында ғана жұмыс істей алады. Бұл жағдай бақылауда", – деді Смайылов.


ҚР Премьер-Министрі көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны