24.10.2012, 13:19 4144

Согра ЖЭО-да турбина қуаттылығы екі есе ұлғайтылды

Инновациялық жобаны іске асыру үшін инвестициялар сомасы 3,8 миллиард теңгені құрады. Қазақстан Республикасының Индустриализация картасына енген бұл жоба жылына 150 млн.кВт*сағ электр энергияны ұлғайта отырып, өндіруге мүмкіндік береді.

Өскемен. 24-қазан. Kazakhstan Today - "АЭС Согра ЖЭО" ЖШС турбина қуаттылығын екі есе ұлғайтып, №1 турбоагрегаттың қайта құру мен жаңарту жобасын аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жаңа турбинаны қолданысқа тапсыру салтанатты рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі, ТСС Қытай компаниясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты.

Инновациялық жобаны іске асыру үшін инвестициялар сомасы 3,8 миллиард теңгені құрады. Қазақстан Республикасының Индустриализация картасына енген бұл жоба жылына 150 млн.кВт*сағ электр энергияны ұлғайта отырып, өндіруге мүмкіндік береді.

Жоба бойынша жұмыс 2009 жылы басталды. Қайта құру турбинаны, генератор мен қосалқы бөлшектерді ауыстырудан тұрған еді. 2010 жылы жабдықты жеткізу үшін халықаралық тендер жарияланған болатын, оған Ресей, Белоруссия, Жапония, Латвия, Чехословакия, Қазақстан мен ҚХР-дың ірі компаниялары қатысқан. Тендер нәтижелері бойынша бас мердігер атанған ҚХР-дан China Tianchen Engineering Corporation (ТСС) компаниясы. 2011 жылы жобаны іске асыру басталды. Жұмысқа 25 субмердігерлік қазақстандық компаниядан 250 қызметкер қатыстырылған.

Станция қызметкерлері жаңа турбоагрегатты қолдану бойынша ҚХР-да (Шанхай білім орталығы) білім алды. Қазанның басында негізгі және қосалқы жабдықты толық орнату аяқталды. Содан кейін жоғарывольтты сынақтар өткізілді. 15 қазан күні электр энергияны өндірумен қоса турбинаны алғаш рет іске қосты.

Жаңа турбина жоғары технологиялы автоматты басқару жүйесімен, микропроцессорлық қорғаныс жүйесімен және дірілмониторингісімен жабдықталған. Турбинаны орнату, жөндеуаралық мерзімді төрт жылдан бес жылға дейін ұзартты. Заманауи генераторды ауамен салқындату өрт қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

ТМД бойынша AES корпорациясының вице-президенті Майкл Центер айтқандай: "Бүгін біз жобаны бір айға оза аяқтадық, ол болса AES Согра ЖЭО қызметкерлері, TCC компаниясы мен басқа да мердігер ұйым жұмыстарының сәтті бірлескен жұмысының айғағы. Согра ЖЭО №1 турбоагрегатының жаңа жабдығы үздік технологиялардың үлгісі бола тұра, бар заманауи талаптарға сай келеді. Осы жобаны іске асыру - қаладағы электр энергия тапшылығын төмендететін тағы бір қадам. Солайша AES корапорациясы облыстың электр энергетикасына және Қазақстанның энергожүйесінің сенімділігін арттыруға кезекті өзінің үлесін қосуда.

AES корпоарциясы Қазақстанда осымен 15 жыл қызмет етуде. Қазіргі уақытта төрт өндіруші компанияны басқаруда, оған жалпы қуаттылығы 2 688 МВт Согра ЖЭО-да кіреді.

AES Корпорациясы (NYSE: AES) Fortune 200 жаһанды энергетикалық компаниялар тізіміне кіреді. Корпорациға түрлі энерготаратушы және энергоөндіруші компаниялар тиесілі, солардың арқасында әлемнің 27 елінде халыққа сенімді де қол жетімді электр энергия жеткіземіз. Біздің қызметкерлеріміз өндірістік қызметте кемелдікке және әлемнің энергияға деген үнемі өзгеретін қажеттілікті қанағаттандыруға талпынады. 2011 жылы корпорацияның табысы $17 миллиардты құрады, активтердің жалпы сомасы - $45 миллиард.

"АЭС Согра ЖЭО" ЖШС 1961 жылы ашылған. Орнатылған жылу қуаттылығы - 216 Гкал/с, электрлік - 75 МВт. "АЭС Согра ЖЭО" ЖШС-те үш бу қазандықагрегаты қолданылады. Станция жылу энергиясы мен ыстық сумен Жаңа Согра, Радужный және Солнечный кенттерінің 4 000 жуық пәтерлерін, сонымен қатар жылу және электр энергиямен "Өскемен Титан-Магний комбинаты" АҚ мен "ВК Тепличный комплекс" ЖШС-ті қамтамасыз етеді.

1997 жылы "АЭС Согра ЖЭО" ЖШС Қазақстандағы AES компаниялар тобына кірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны