23.04.2008, 17:06 3206

Солтүстік Қазақстан облысында 2008 жылы қысқа арнап көкөніс сақтау көлемін ұлғайту жоспарлануда

Солтүстік Қазақстан облысында 2008 жылы қысқа арнап көкөніс сақтау көлемін ұлғайту жоспарлануда

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 2008 жылы қысқа арнап көкөніс сақтау көлемін ұлғайту жоспарлануда, соның ішінде картоп көлемін 100 тоннаға дейін, пиязды 120 тоннаға дейін, қызылша мен сәбізді 10 тоннаға дейін жеткізу межеленген. Бұл мәселені Солтүстік Қазақстан облысында көкөніс және картоп шаруашылығын дамыту келешегіне арналып өткен аптада Петропавловск қаласында өткен кеңесте облыстық және аудандық мекемелер мен ауылшаруашылығы құрылымдарының жетекшілері мен мамандары талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеңеске қатысушылардың айтқанындай, жанар-жағармай бағасының өсуі, көтерме сауда жүйесінің дұрыс дамымауы мен жылыжайларда көкөністердің жеткілікті мөлшерде өндірілмеуі көкөніс өнімдерінің тапшылығын жиі тудыруда. Көкөніс нарығындағы осындай қолайсыз ахуалды болдырмау үшін мемлекет көкөніс өндіруге субсидия бөлсе, облыс басшылығы егіс алқаптарының көлемін 20% ұлғайту мақсатын қойды, деді отырыста облыс әкімінің орынбасары Самат Ескендіров.

Облыстық ауылшаруашылығы департаментінің бастығы Серік Ташеновтың мәліметінше, 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 369 мың тонна картоп пен 121 мың тонна басқа да көкөністер өндірілген. Бұл дақылдардың басым бөлігі (96,9% және 97,4% ) жеке меншік сектордың үлесінде.

Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысына еліміз бойынша картоп өндірісінің 18% үлесі тиеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны