27.03.2017, 17:54 4677

Солтүстiк Қазақстан облысында 2017 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 6 жобаны iске қосу жоспарланған

Жиналыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да сөз етiлдi. Облыстыӊ Есiл, Мамлют, Жамбыл аудандарында бағдарламаныӊ екiншi бес жылдығы бойынша жобалар жоқ. Өӊiрде 2017 жылы 6 жобаны iске қосу жоспарланған. Облыс әкiмi облысқа инвестицияларды тарту бойынша жағымды жағдай жасау қажеттiгiн атап өттi.

Петропавловск. 27 наурыз. Kazakhstan Today - 27 наурызда облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен өткен аппараттық кеӊесте бiрқатар маӊызды мәселелер қарастырылды. Бiрiншi мәселе көктемгi су тасқынына байланысты болды.

Төтенше жағдайлар жөнiндегi департамент басшысы Павел Филипповтыӊ баяндамасы бойынша 24 наурызда Iшкі iстер вице министрi Юрий Ильин Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс аумағында су тасқыны болуы мүмкiн мекендердi әуеден бақылап, бiрқатар тапсырмаларды жүктедi.

"Үлкен Тараӊғұл көлiнен суды сифондық жолмен ағызу жұмысы жеткiлiксiз деӊгейде жүргiзiлген. Осы уақытқа дейiн Чириковка ауылы маӊындағы су жинайтын каналды тазалау жұмыстары жасалмаған", - дедi Павел Филиппов.

СҚО-да 627 су жүргiзу құбыры бар, олардыӊ 580-i тазаланған. Аудандық маӊызы бар автокөлiк жолдарында 879 құбыр немесе 98%-ы тазаланған. Республикалық маӊызы бар автокөлiк жолдарында 478 құбыр немесе 93%-ы тазаланған.

Петропавлда 11,2 мыӊ метр ашық жауын-шашын суағарлары тазаланған.

Осы орайда өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов қала әкiмi Марат Тасмағанбетовтен жауын-шашын суағарларын тазалау бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы сұрап бiлдi. Облыстық орталық басшысыныӊ айтуынша 1 сәуiрге дейiн толық тазартылады. "Бұдан басқа, үстiмiздегi жылы Екатеринбург қаласынан арнайы машинаны жалға аламыз. Бүгiнгi таӊда Жамбыл көшесiндегi суағарларды тазалауға кiрiстi. 1100 метр тазартылды",- дедi Марат Тасмағанбетов.

Облыс әкiмi Петропавл және аудан әкiмдерiне тез арада су жiберу құрылыстары мен су ағызу каналдарын тазалау жұмыстарын аптаныӊ соӊына дейiн аяқтауды, елдi-мекендерден қар шығару жұмыстарын екi ауысымда ұйымдастыруды, қауiптi аумақтарға инерттi материалдарды, ыдыс-қаптарды, техниканы дайындап қоюды тапсырды.

"Бiздiӊ мақсатымыз - халықтыӊ қалыпты тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн барлығын жасау. Қардан тазарту, барлық су өткiзу құрылыстарын тазарту арқасында жол төсемi сақталады", - дедi Құмар Ақсақалов.

Бүгiнгi таӊда жалпы алғанда облыстыӊ елдi-мекендерiнен 996 мыӊ текше метр қар шығарылды.

Сондай-ақ, кеӊесте облыстыӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен елдi-мекендердi абаттандыру мен санитарлық тазалау мәселесi қарастырылды.

Облыс басшысыныӊ ойынша, негiзгi мақсат жаӊа кәсiпорындарды ашу мен iстеп жатқан кәсiпорындарды кеӊейту аясында жұмыс орындарды ашу.

Жаӊа жұмыс орындарын ашу - бұл әкiмдер жұмысыныӊ басты көрсеткiшi. Бұл бағытта жұмыс Тимирязев, Мамлют және Жамбыл аудандарында нашар жүргiзiлуде.

Жиналыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да сөз етiлдi. Облыстыӊ Есiл, Мамлют, Жамбыл аудандарында бағдарламаныӊ екiншi бес жылдығы бойынша жобалар жоқ. Өӊiрде 2017 жылы 6 жобаны iске қосу жоспарланған. Облыс әкiмi облысқа инвестицияларды тарту бойынша жағымды жағдай жасау қажеттiгiн атап өттi.

Кеӊесте ауыл шаруашылығы саласы мәселелерi де қарастырылды. Өӊiр басшысы дәндi бұршақты дақылдарын себудi 1,5 есеге немесе 89 мыӊ гектардан 130 мыӊ гектарға дейiн арттыру мақсатын қойды. "Үстiмiздегi жылы бiзге ауыл шаруашылығы айналымына 71 мыӊ гектардан кем емес егiстiк жердi тартып, егiстiк жер құрамындағы егiс айналымын 75-тен 80%-ға дейiн арттыру қажет",- дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, облыс әкiмi кезектi рет облыс орталығы мен аула маӊайын абаттандыру мен санитарлық тазалау мәселесiне назар аударып, өӊiрдiӊ әрбiр азаматын бұл жұмысқа тарту қажеттiлiгiн атап өттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны