03.04.2017, 19:07 4538

Солтүстiк Қазақстан облысында 2017 жылы зауыттардыӊ өндiрiс көлемiн кем дегенде екi есеге арттыру мақсаты қойылды

Облыс орталығы бойынша жұмыс сапары кезiнде өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов қаладағы бiрқатар өнеркәсiп кәсiпорындарында болды.

Петропавловск. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақалов: "Үстiмiздегi жылы зауыттардыӊ өндiрiс көлемiн кем дегенде екi есеге арттыру керек", - дедi.

Облыс орталығы бойынша жұмыс сапары кезiнде өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов қаладағы бiрқатар өнеркәсiп кәсiпорындарында болды.

Еӊ алдымен Құмар Iргебайұлы "ЗИКСТО" зауытына барды. Мұнда жүк вагондары мен ашық вагондар, сондай-ақ оған қажетi бөлшектер шығарады.

"Бiздiӊ цехта 38 адам жұмыс iстейдi, мұнда дөӊгелек жұптарын жасайды. Қондырғылар - заманауи, қалыпқа сай. Бiздiӊ цех айына 560 дөӊгелек жұптарын шығарады", - дедi дөӊгелек жұптарын құрастыру және жөндеу цехыныӊ басшысы Александр Лошкарев.

Келесi нысан И Петропавл трактор зауыты болды. Өткен жылдыӊ жазынан бастап мұнда "К-704-4Р "Батыр" маркалы тракторлар шығарылады. Бұдан басқа кәсiпорында "Степан" пневматикалық егiс кешенiнiӊ моделi жасалған. Кәсiпорын жоспарында шұбыртпалы тасымалдағышы бар астық тиегiш пен шөп шабатын машина шығару бар.

"Бiздiӊ облыс егiс науқаныныӊ 70 пайызына осындай жаӊа мүмкiндiгi зор агрегаттарды пайдаланады. Технологиялар талапқа сай қолданылмаса, астықты да дұрыс ала алмаймыз. Бұл техника барлық технологияларды қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiр пайданғанда, бiрнеше жұмысты атқарады, - дедi Құмар Iргебайұлы.

Сондай-ақ, облыс әкiмi зауыты дамыту жоспары жайлы да айтты.

"Жағдайды байқап, "ҚазАгроҚаржы" компаниясынан көмек сұрайтын боламыз. Оны уақыт көрсетедi. Жұмысты жақсы атқару қажет, сатып алушылар наразылықтарын бiлдiрмес үшiн, металл сапалы болуы тиiс. Қазақстанда себу кешендерiн әлi ешкiм жасаған жоқ. Бұл - алғашқы талпыныстар. Мұндай кешендер бiздiӊ егiстiк алқаптарға арналған. Осы кәсiпорын бойынша бөлек жұмыс жасайтын боламыз", И дедi өӊiр басшысы.

"ПАМЖ" зауытында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов энергетикалық машинажасу мен қондырғылар цехыныӊ жұмысымен танысты.

- Газ шығырлы панелдер МАЭС, ЖЭО-да қолданылады. Екiбастұз МАЭС, "СолҚазЭнерго" үшiн үлкен тапсырыс жасалды. Қазiр Подольскi қаласынан келген тапсырылыс орындалуда, бұған дейiн бiз Темiртаумен жұмыс жасадық. Осыған байланысты өндiрiс көлемiн 1,5 есеге арттырмақпыз. Қосымша мамандарды шақырамыз, өзiмiз осында үйретемiз, сондай-ақ, бiлiм беру мекемелерiнiӊ қызметтерiн пайдаланамыз", - дедi цех басшысы Александр Ступаченко.

Бұдан басқа кәсiпорын мұнайгаз ұӊғымаларын күрделi және жерасты жөндеу үшiн көтергiш қондырғылар, АС-204 бу жабдықтары орнатылған арнайы автомобильдер, цементтейтiн агрегаттар, автоцистерналар, жылу алмастырғыштар, ауамен салқындату аспаптарына секциялар, ребойлерлер, сепараторлар, темiр жол жолдарыныӊ жоғарғы құрылғысын жөндеуге арналған жол аспаптарын және басқа өнiмдер шығарумен айналысады. С.М. Киров атындағы зауытта өӊiр басшысын өнiмдермен таныстырды. Мұнда мұнай-газ саласы мен темiржол көлiгiне арналған өздiгiнен жұмыс атқаратын аспаптар жиынтығы шығарылады.

С.М. Киров атындағы зауыт жоғары технологиялық 5 сыныпты дәлдiгi бар мөрлiк тақша шығара бастапты. Кәсiпорында бiлiм беру мекемелерiн жеке бағдарламамен қамтамасыз ететiн 3D-принтерлерiн шығару жоспарланған. 3D-принтерлерi үш өлшемдi суреттердi құрастыруға мүмкiндiк бередi.

БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында облыс әкiмi өнеркәсiп кәсiпорындарыныӊ қуатын арттыру қажет екендiгiн атап айты.

"Бiз бүгiн қаладағы еӊ 4 iрi зауыттыӊ жұмысымен танысып шықтық. Жылдыӊ қортындысы бойынша 4 зауыт шығарған өнiмнiӊ көлемi 16 млрд. теӊгенi құрады. Бұл өндiрiс орындары өз мүмкiндiгiнiӊ тек 27 пайызын ғана пайдаланылып отыр. Сондықтан осы жылдыӊ аяғына дейiн шығаратын өнiмнiӊ көлемiн кем дегенде екi есеге көтеруiмiз керек. Сол мақсатта бiз бүгiн жұмыстар атқарып жатырмыз. Соған орай бiраз жұмыс iстейтiн боламыз. Дәл осындай тапсырмаларды бiз аудан әкiмдерiне де бердiк", И дедi Құмар Ақсақалов.

Дүйсенбi күнi өткен аппараттық кеӊесте аудандық әкiмдерге де тиiстi тапсырмалар берiлген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны