29.05.2009, 17:24 2915

Солтүстік Қазақстан облысында 2,772 млн гектар алаңға егін егілді, бұл 71%-ға тең

Солтүстік Қазақстан облысында 2,772 млн гектар алаңға егін егілді, бұл 71%-ға тең

Петропавловск. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 2,772 млн гектар алаңға егін егілді, бұл 71%-ға тең, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында 2,772 млн гектар алаңға егін егілді, соның ішінде бидай - 2 млн 693 мың гектарға, майлы дақылдар - 200 мың гектарға егілді.

"Картоп егу жұмыстары аяқталып келеді. Бүгінгі жағдаймен ол 26,5 мың гектарға егілді", - деп хабарлайды облыстық ауылшаруашылығы басқармасындағылар.

Мекеменің мәліметінше, 4,2 мың гектарға көкөніс егілуде. Барлығы көкөніс дақылдарын 4,8 мың гектарға егу жоспарланған.

"Жемдік дақылдарды егу де одан әрі жалғасуда. Бір жылдық шөптер 16,5 мың гектарға, силостық дақылдар - 14 мың гектарға егілді", - деп нақтылайды басқармадағылар.

Мекеменің мәліметінше, бүгінгі жағдаймен Аққайың ауданы алда келеді, онда егіс алқаптарының 87%-ына, Қызылжар ауданында - 77%-ына егін егілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны