11.07.2016, 15:50 4801

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша республикалық кеӊес өтті

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы "Бабык Бурлук" ЖШС-да агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтыӊ төрағалығымен және мүдделі мемлекеттік органдардыӊ және олардыӊ ведомстваларыныӊ, облыс әкімдіктерініӊ және ауыл шаруашлығы тауар өндірушілерініӊ қатысуымен республикалық кеӊес өтті

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы "Бабык Бурлук" ЖШС-да агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтыӊ төрағалығымен және мүдделі мемлекеттік органдардыӊ және олардыӊ ведомстваларыныӊ, облыс әкімдіктерініӊ және ауыл шаруашлығы тауар өндірушілерініӊ қатысуымен республикалық кеӊес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрлігімен өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау шараларыныӊ тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырды.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрімен гектарлық субсидия механизмініӊ кемшіліктері, гербицидтер мен тыӊайтқыштарды сатып алу бойынша шығындарды субсидиялау механизмдерініӊ қаржыландырылмауы және егістік алқаптарды әртараптандырудағы проблемалық мәселелері атап өтілді.

Кеӊес кезінде Ауыл шаруашылығы министрі жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қатысты Елбасыныӊ тапсырмасын орындау шеӊберінде жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі таӊда жеӊілдікпен несие беру және жеке қосалқы шаруашылық кооперативтерін субсидиялау құралдарын әзірлеп жатқандығын атап өтті. Аймақтарда жеке қосалқы шаруашылық кооперативтерінен көкөніс өнімдерін сатып алу және жүзеге асыру үшін сервистік-дайындау орталықтарын және көкөніс-жеміс сақтау қоймаларын құру қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, электрондық астық қолхаттарын ендіру институттарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Кеӊестіӊ нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстар әкімдіктерімен бірлесіп АӨК мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, ауыл халқын тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және АӨК өнімдерін шығару көлемін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісуді тапсырды.

Сондай-ақ облыстар әкімдіктеріне майлы және жемдік дақылдардыӊ үлесін арттырумен егін алқаптарыныӊ құрылымын диверсификациялау бойынша меморандумдардыӊ орындалуы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеуді дамытуға (астықты тереӊ өӊдеу, майлы дақылдар) инвестициялар тартуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны