12.06.2008, 10:21 1510

Солтүстік Қазақстан облысында астық қабылдау пункттері мен элеваторлардың инфрақұрылымын жаңарту аясында 6 инновациялық жоба енгізіледі

Солтүстік Қазақстан облысында астық қабылдау пункттері мен элеваторлардың инфрақұрылымын жаңарту аясында 6 инновациялық жоба енгізіледі

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында астық қабылдау пункттері мен элеваторлардың инфрақұрылымын жаңарту аясында 6 инновациялық жоба енгізілмек. Осы мәселе облыстық әкімдікте өткен кәсіпорындардың жаңа түсімді қабылдауға дайындығы жөніндегі жиналыста талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жиналыс жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов, сондай-ақ, элеваторлар мен астық қабылдау орындарының басшылары қатысты. Қазіргі уақытта республикамызда лицензиясы бар 47 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Алты инновациялық жобаны жүзеге асыру астық қабылдауды жылына 186 мың тоннаға дейін артыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны