15.07.2008, 19:44 2842

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинауға 10 мың комбайн тартылады

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинауға 10 мың комбайн тартылады

Петропавловск. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында астық жинауға 10 мың комбайн тартылады, егіс алқаптарының жартысынан астамындағы түсімді заманауи модификациялы жоғары өнімді комбайндармен жинау жоспарланған, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ауылшаруашылығы департаментіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, облыста 3 млн 700 мың гектар аумақтан ауылшарушылығы дақылдарын жинау қажет, бұл былтырғы көрсеткіштен 380 мыңға артық, соның ішінде бидай 3,1 млн гектардан жиналады.

Майлы дақылдар 116 мың гектарға егілген, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 6 мың гектарға артық. Басымдық берілген дақыл - рапс - 98 мың гектарға егілген, деп хабарлайды департаменттегілер.

Сонымен бірге техниканың түсім жинауға дайындығы 80% құрайды. Дайындалған күнтізбелік жоспарға сәйкес, тамыздың ортасына дейін барлық техниканы дайындап шығу мақсаты қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны