12.12.2011, 15:13 4644

Солтүстік Қазақстан облысында диірмен-макарон кешені іске қосылды

Солтүстік Қазақстанда "Егін" ЖШС-нің диірмен-макарон кешені іске қосылды. Жобамен облыс әкімі Серік Біләлов таныстырды.

Петропавл. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында диірмен-макарон кешені іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда "Егін" ЖШС-нің диірмен-макарон кешені іске қосылды. Жобамен облыс әкімі Серік Біләлов таныстырды.

"Біз өндірістің жаңа түрлерін табысты игеріп отырмыз. Агроөнеркәсіптік кешенді жаңа технологияларды қолдана отырып, біз Қазақстанды жетекші ет экспорттаушылардың қатарына шығармақпыз. Азық-түлік өнеркәсібін біз әрі қарай дамыта түсіп, барлық өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ниеттіміз",- деді облыс әкімі өз сөзінде.

Серік Біләловтің айтуынша, жаңа кәсіпорын жыл сайын 4 мың тоннадан астам ұн тартатын болады. "Бұл көрсеткіш бұдан былай сыртқа бидай емес, біздің ұннан жасалған даын өнімдер экспорттауға мүмкіндік береді",- деді әкім өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны