14.09.2009, 14:19 2432

Солтүстік Қазақстан облысында егістік алқаптарының жартысынан егін орылып, 1,8 млн тонна астық бастырылды

Солтүстік Қазақстан облысында егістік алқаптарының жартысынан егін орылып, 1,8 млн тонна астық бастырылды

Петропавловск. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында егістік алқаптарының 47%-ынан егін орылып, 1,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында 14 қыркүйектегі жағдаймен 1 млн 823 мың гектар аумақтан егін орылды, бұл - 47% тең. Дихандар 1 млн 359,8 мың гектар астық бастырды (36%).

"Облыстағы агроқұрылымдарда 1 млн 839 мың тонна астық бастырылып, бір гектардан орташа шығымдылық 13,2 центнер болды", - деп хабарлайды мекеме.

Басқарма ақпаратына сәйкес, бүгінгі жағдаймен шығымдылық бойынша Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандары алда келеді, оларда шығымдылық тиісінше бір гектардан 16 және 15,8 центнер болған, ал Есіл ауданында бір гектардан 15,1 центнер егін орылды.

202 мың тонна тұқым бастырылды, бұл жоспарланған көлемнің 37%-ын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны