31.01.2014, 18:30 6278

Солтүстік Қазақстан облысында индустриялық аймақ құру мақсатында кірпіш зауытын салу жоспарланған

"Аймақта 3 га жерге зауыт құрылысын бастау жоспарланған. Жоспарда кірпіш зауытын салу тұр. Жоба отандық материалдардың үлесінде құрылыс құнын азайтады", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Өнеркәсіпті дамыту аясында Солтүстік Қазақстан облысында индустриялық аймақ құру жоспарланған.

"Аймақта 3 га жерге зауыт құрылысын бастау жоспарланған. Жоспарда кірпіш зауытын салу тұр. Жоба отандық материалдардың үлесінде құрылыс құнын азайтады", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сондай-ақ, аталмыш жоба өнеркәсіптік кәсіпорындарды бір индустриялық аймаққа тоғыстыруға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, осы жерде электризоляцияланған материал шығатын зауыт орналасқан болатын. Бүгінгі таңда кәсіпорынның 2 мекемесі қалалық әкімдіктің құзырына көшті.

Сондай-ақ, кәсіпорын аймағында темір жол мен электроэнергетикалық бекет бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны